"Бақытты отбасы"партиялық жобасы аясында "Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым"атты акциясы
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешов, Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі М.Искаков, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Н.Ақсұлтанов, Қаратөбе селолық округінің маманы Ж.Темірғалиев және «Қаратөбе өңірі» газетінің жауапты хатшысы С.Хасанов "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым" атты акциясы аясында ашық люктердің болуына, аулаларды жарықтандыруға, қозғалыс қауіпсіздігін бақылау мақсатында рейд жүргізді.
Рейд барысында жазғы демалыс кезінде балалар көп жиналатын ойын алаңдарының, «Street workout» алаңдарының жазғы кезеңге дайындығы тексерілді. Сонымен қатар аудан орталығындағы бұрынғы «Су тарату» мекемесінің ескі ғимараты орындары да тексеріліп, адам өміріне қауіп төндіретін ескі ғимараттың бұзылған орындарындағы қауіпті орындарды жөнге келтіріп, арнайы белгілер орнату туралы округ әкімшілігіне тапсырмалар берілді. Аулалардың жарықтандырылуы бойынша ауданда бірқатар жақсы жұмыстар атқарылып, көше шамдары жеткілікті орнатылған.
