Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында рейд жүргізілді.

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» атты рейд жүргізілді. Шараға «Nur Otan» партиясының Ескелді аудандық филиалы, Ескелді ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы С. Жолдыбаев, Отбасы, әйелдер және балалар құқықтары жөніндегі кеңес мүшелері, сондай-ақ Ескелді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты А. Абдуллин қатысып, Қарабұлақ, Шымыр ауылдарында ашық люктарға, көше шамдарының жарығына, қозғалыс қауіпсіздігіне тексеріс жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында көшелерде толығымен люктар жабық, ашық люктар табылмады, көше шамдары толығымен жаңып тұр, балалардың жол-жүру қауіпсіздігі қамтылып, жаяу жүргіншілер өткелдігі белгіленген.

0
0
317

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында рейд жүргізілді. - Yvision.kz