Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Аудан әкімі Нурахунов Шухрат Турдахунұлы аудан тұрғындарын қабылдады.

"Nur Otan" партиясы қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес аудан әкімі Нурахунов Шухрат Турдахунұлы аудан тұрғындарын қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары жеке мәселелері бойынша өтініштерін білдірді . Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі Ш.Нурахунов партия тарапынан бақылау жұмыстары жүргізілетінін,алдағы уақытта айтылған мәселелердің қарастырылатындығын жеткізді .

0
0
249

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы болып өтті.

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні күні «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы жанынан құрылған әлеуметтік мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Берікбай Тұрлыбекұлы қоғамдық кеңестің құрамын таныстырып өтіп, кеңестің мақсаты мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары мен жоспарын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын кеңес мүшелерімен талқылап, бекітті.

0
0
183

Қалалық мәслихаттың хатшысы Е.Г. Қалиевпен Орынбор көшесіндегі 40 үйдің тұрғындарымен кездесу болды.

Бүгін Орал қалалық мәслихаттың хатшысы Е.Г. Қалиевпен бірге Орынбор көшесіндегі 40 үйдің тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Тұрғындар аулада спорт алаңын орнатуды, үйге интернет жүргізуді және жаяу жүргіншілер өткелін орнатуды сұрайды. Барлық өтініштер жазылды. Құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз.

Сегодня совместно с секретарём городского маслихата Калиевым Е.Г. провели встречу с жильцами дома номер 40 по ул. Оренбургская.

Люди просят установить спортивную площадку во дворе, провести интернет в дом и установить пешеходный переход. Все просьбы были записаны. Будем отрабатывать с соответствующими службами.

0
0
167

Оралда жүздеген отбасы жаңадан салынған үйіне кіре алмай жүр

Оралда жүздеген отбасы жаңадан салынған үйіне кіре алмай жүр .Оралда жүздеген отбасы жаңадан салынған үйіне кіре алмай жүр. Тұрғындардың сарсаңға түсуіне жер дауы себеп болып отыр. Өйткені осы маңдағы ет өңдейтін комбинат, көпқабатты үйдің құрылысына қарсы шыққан. Кәсіпорынның иесі жаңадан салынған құрылыс өндірістік мекеменің санитарлық қорғаныс аумағына кіріп кетті деп сотқа шағымданыпты. Аралдағы даудың кесірінен, үш жүзге тарта отбасы жаңа баспанасына кіре алмай жүр. Арадағы дауға "Nur Otan" партиясы араласты. Партиялықтар дауласқан тараптарды бітімге шақырды. Абзал ҚҰСПАН, ЗАҢГЕР: Елдің де бір жағдайын ойлап, шын мәнінде кәдімгі мұқтаж жандардың жағдайын ойлап, бір ортақ шешімге келу керек деп ойлаймын «Кублей ЖШС». Біз мына жерде қазір «Кублейден» естігіміз келгені: Біз халыққа зиян…

0
0
261

Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындарды қабылдады.

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындарды қабылдады.Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді. Қабылдау барысында церебралды сал ауруына шалдыққан балалардың аналары материалды көмек сұрап келді. Тұрғындардың қаржысы балаларының еміне арналған дәрі-дәрмектер алуына жеткіліксіз екендігін хабарлады. Барлық байланыс деректері жазылып алынып, тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданатын болды.Сонымен қатар, заңнамалық тұрғыдан да түсініктемелер берілді. Келесі келген тұрғын ардагер-ұстаз емдеу алдын алу мекемелеріне жолдама ала алмай жүргендігін хабарлады. Тұрғын облыстық маслихат депутатынан емдеу алдын ал…

0
0
285

"ҚОЛТАҢБАМ БАР МЕНІҢ ДЕ…" атауымен кітап жарық көрді

«ҚОЛТАҢБАМ БАР МЕНІҢ ДЕ…» атауымен тіл жанашыры, аудармашы Гүлнәр Әлжанованың кітабы жарық көрді. Кітаптың тұсаукесерімен және автордың 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, «Nur Otan» партиясының облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, облыстық «Miras» қоғамдық кеңесінің және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, облыстық филиалдың қызметкерлері жылы лебіз тілектерін білдірді.Гүлнар Жәрдемқызы облыс жұртшылығына мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы, тіл жанашыры, аудармашы ретінде танымал. Аударма әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар тұлға. Соның ішінде «Экологиялық тәрбиенің негіздері», «Соқпақ», «Ақжайықтың қорықтары», «Турист ізкесушілер жорықта», «Астродинамика негіздері» атты бірнеше кітаптарды орыс тілінен тәжімалап, қазақ тілді оқырманға ұсынған автор.Шарада…

0
0
396

Дүниежүзілік донор күніне орай "Үміт тамшысы" акциясы өткізілуде.

Reposted from @aqjaiyqjastary 📷Дүниежүзілік донор күніне орай "Үміт тамшысы" акциясы өткізілуде.

Әркімнің өмірі баға жетпес құндылық!📷

Барлық донорларға алғыс білдіреміз!📷📷

📷Ко Всемирному дню донора проводится акция "Капля надежды".

Жизнь каждого бесценна!📷

Благодарим всех доноров от всей души!📷📷

@centr_krovi

@oraljastary

@jasotan_bqo

@bolashaq_bqo

@aqjaiyq

@aqjaiyq_aqparat

@tdk42tv

@jaiyq_news_uralsk

@jaiyq_uni

0
0
218

Облыстық мәслихат депутатының қабылдауы

«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Ермекқалиев Алтынбек Серікқалиұлы онлайн режимде азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдады. Жаңажол ауылының тұрғыны Е.Сисенгалиева «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің мәселесімен аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесіне тіркелген болатын. Өтініш иесінің сауалы бойынша А.Ермекқалиев онлайн байланысқа шығып қазір «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталғандығы және құжаттар жинасуына көмек көрсететіндігін жеткізді. Сондай-ақ, мәселені өз бақылауына алатынын айтты.

1
0
152

Депутаттар Шоңай ауылы тұрғындарымен кездесті.

Сайқын ауылдық округі Шоңай ауылының тұрғындарымен аудандық мәслихат депутаттары Л.Қайырғалиева, А. Аманғалиев ,округ әкімі Н.Умарова, аудандық "Орда жұлдызы "газетінің тілшісі Р.Бахитова кездесу өткіздік. Кездесу барысында "Nurotan "партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы, мәслихат депутаттарының жұмысы туралы баяндадық . Ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша желісіз интернет 14 үйге орнатылатын болды,11үй иелері келісім шартқа отырып,интернетті пайдалануға мүмкіндік алды. Тұрғындар ұсыныс, пікірлерін айтты,соның ішінде ,аудан орталығына қатынайтын жолдың жәйі,жауын шашыннан кейін үнемі қырып,тегістеу сұралды. Кездесу соңында қоғамдық қабылдау өтті.

0
0
200