Депутаттар Шоңай ауылы тұрғындарымен кездесті.
Сайқын ауылдық округі Шоңай ауылының тұрғындарымен аудандық мәслихат депутаттары Л.Қайырғалиева, А. Аманғалиев ,округ әкімі Н.Умарова, аудандық "Орда жұлдызы "газетінің тілшісі Р.Бахитова кездесу өткіздік. Кездесу барысында "Nurotan "партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы, мәслихат депутаттарының жұмысы туралы баяндадық . Ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша желісіз интернет 14 үйге орнатылатын болды,11үй иелері келісім шартқа отырып,интернетті пайдалануға мүмкіндік алды. Тұрғындар ұсыныс, пікірлерін айтты,соның ішінде ,аудан орталығына қатынайтын жолдың жәйі,жауын шашыннан кейін үнемі қырып,тегістеу сұралды. Кездесу соңында қоғамдық қабылдау өтті.
