AMANAT: Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды штабы ашылды
Партия мүшелері үгіт-насихат жұмыстары аясында 600 мыңнан астам сайлаушыны қамтитын 1 300-ден астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.Облыстық штабқа шамамен 80-нен астам адам кірді. Бұл өткен сайлауға тікелей қатысқан, тәжірибесі мол белгілі партия және қоғам қайраткерлері.Алматы облысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына барлығы 548 адам, оның ішінде облыстық мәслихатқа – 59, қалалық мәслихатқа – 39, аудандық мәслихаттарға – 425 адам өз кандидатурасын ұсынды. Сонымен бірге Парламент Мәжілісіне облыстан 25 кандидат тіркелген.Ал, партия филиаларынан 211 кандидат сайлауға түспекші. Оның ішінде 2 Парламент Мәжілісіне, 19 – облыстық мәслихатқа, 12 – қалалық және 178 аудандық мәслихаттарға. Партиялық тізім бойынша Мәжіліске 3 кандидат, облыстық мәслихатқа 36 кандидат.Сонымен қат…


