Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

✍️«AMANAT» партиясы ұлыларды ұлықтады

✍️«AMANAT» партиясы ұлыларды ұлықтады

⏺AMANAT»-тың «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына және Сұлтанмахмұт Торайғырұлының 130 жылдығына арналған «Алаш туы астында» әдеби-танымдық кеші өтті.

Партияның Павлодар облыстық филиалы жанындағы «Miras» өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы Жарқынбек Амантай мен кеңес мүшесі Салтанат Әубәкірова ұлы тұлғалардың бай шығармашылық мұрасы жөнінде әңгіме өрбітті.

💬«Жас ұрпақ ұлт тұтастығы, ел еркіндігі жолында басын бәйгеге байлаған арыстарымызды білуі тиіс. Алаш көсемдерінің, қазақ зиялыларының, ғалымдардың еңбегімен танысу, олардың өмірбаянын жан-жақты зерттеу – аса маңызды мәселе. Бұл – мемлекеттік идеология», – деді Жарқынбек Амантай.

Сондай-ақ, ол ұлт қайраткерлеріне қатысты маңызды фактілермен бөлісіп, Отанға деген сүйіспеншілік ұлы тұлғалардың шығармашылығында басты тақырыпқа айналғанын жеткізді. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған» Сұлтанмахмұт Торайғырұлының шыңдық пен әділет жолындағы ерен еңбегін тілге тиек етті.

#AMANAT

0
0
229

Осы тақырып бойынша

✍️«AMANAT» партиясы ұлыларды ұлықтады - Yvision.kz