Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«AMANAT» партиясының ШҚО филиалында экологиялық мәселе талқыланды

Жиын барысында Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығына стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылардың әсер етуіне мониторинг жүргізудің алдын ала нәтижелері туралы мәселе талқыланды.

«2022 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният Шығыс Қазақстан облысына сапары кезінде ШҚО халқының денсаулық жағдайына экологиялық факторлардың әсер ету мәселесі сөй болған болатын. Осыған байланысты, денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша қолайсыз экологиялық жағдайға байланысты Өскемен қаласында жоғарғы тыныс жолдарының химиялық күйіктері жөніндегі жаңа хаттаманы бекіту үшін денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде комиссия құрылды, оның мақсаты жоғарғы тыныс жолдарына тітіркендіргіш заттардың уытты әсерін диагностикалау мен емдеудің жаңа хаттамасын енгізілді» - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қапанова Айнаш Құматайқызы.

Жалпы бүгінгі таңда Өскемен қаласы бойынша экологиялық мәселе өте өзекті болуда. Осыған дейінгі өткен экологиялық қоғамдық кеңестің отырыстарында бұл мәселе қаралып экологияны жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдарының атқарып жатқан жұмыстары бойынша есептері тыңдалған болатын.

0
0
271

Осы тақырып бойынша

«AMANAT» партиясының ШҚО филиалында экологиялық мәселе талқыланды - Yvision.kz