Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

25 шілдеде өткен аудандық маңызы бар қала, ауыл әкімдері сайлауының қортындысы шықты.

🔸25 шілдеде өткен аудандық маңызы бар қала, ауыл әкімдері сайлауының қортындысы шықты. Катонқарағай ауданы бойынша: ✔️Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі Мұхаметқаиров Марат Қасымбайұлы, ✔️Ново-Поляковка ауылдық округінің әкімі Мажренов Нұрлат Өміржанұлы, ✔️Белқарағай ауылдық округінің әкімі Елшібеков Айбек Төлепбердіұлы ✔️Аққайнар ауылдық округінің әкімі Құрманов Серетқан Әлпешұлы ✔️Өрел ауылдық округінің әкімі болып Көбешев Еркін Әмиұлы. 🇰🇿Жаңа сайланған әкімдерге куәліктерін тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледім!

0
0
208

Абайдың мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы

Қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай Елбасы кітапханасы бейнеролик дайындады. Абайдың шығармашылық мұрасы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін байытып, оның ешқашан маңыздылығын жоғалтпайтын нағыз рухани игілігіне айналды.Ақын ретінде Абай қазақтардың суырып салма өнерінің тақырыбын кеңейтіп, оған түрлі жанр мен қалып енгізіп, классикалық поэзия деңгейіне көтерді. Абай Құнанбайұлының бай мұрасы әлемдік мәдениет тарихында тамаша құбылыс саналады. Көрнекті ойшылдың шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Абай аманаты» мақаласында былай дейді: «Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағд…

0
0
432

10 тамыз - хакім Абайдың туған күні 📚

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Ол Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. #тәуелсіздігімізге30жыл #Ұлттықмұра #абайқұнанбайұлы

0
0
213

Абай күні құтты болсын!

Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы – Абай Құнанбайұлы! Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.

Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.

#ақынАбай

#АбайҚұнанбайұлы

0
0
190

Абай күні құтты болсын!

Абай күні құтты болсын!Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы құтты болсын! Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай – әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға», - деп ұрпаққа өз ұлағатын жеткізген болатын.Абай мұрасы – біздің ұлт бол…

0
0
275

Ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде республика көлемінде аталынып өтті.

Абай туралы белгілі ғалым, жазушы Мұхтар Әуезов: "Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен толықтырды.Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр",-деген болатын.Иә, Абайдың қай шығармасын алып қарасаңыз да қазақтың ұлттық болмысы мен тұрмыс-салты әдемі бейнеленген. Ұлы ақынның қара сөздерінің өзі бір ұлтқа сарқылмайтын қазына деп айтсақ та артық етпес. Абай Құнанбайұлы туралы биыл 175 жылдығы өтіп жатқан жыр алыбы Жамбыл атамыз да: "…

0
0
199

Құрметті достар!

ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы ЭK 418-бабының 3-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті екендігін еске саламыз.Осы ретте, Құқықтық актілер туралы ҚР Заңының 14-бабының 3 тармағына сәйкес егер мерзімнің соңғы…

0
0
187

Абай күні құтты болсын!

Абай күні құтты болсын!Абай Құнанбайұлы - ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады.Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Абай – қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай – әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға», - деп ұрпаққа өз ұлағатын жеткізген болатын. Абай мұрасы – біздің ұлт болып…

0
0
246

Абай - біздің бабамыз

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының талантты ақыны, философ – гуманист, композитор, көркен сөздің зергерлік шебері. Оның есімі Қазақстаннан тыс жерлерге де таныс. Біз ұлы Абайдың өмірі мен шыгармашылығына қатысты өз білімін тексере алатын тест — викторинаны ұсынамыз.

Шын сөз қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Мұны жазған білген құл –

Ғұламаһи Дауани,

Солай депті ол шыншыл.

Сөзін оқы және ойла,

Тез үйреніп, тез жойма,

Жас уақытта көңіл – гүл.

#QAZAQSTAN30

0
0
427

Шеберлік сыныптары: Көбелек

Шығармашылықтың ең қызықты түрлерінің бірі - қағаздан жасалған аппликация. Бүгін сабақта біз түрлі-түсті қағаздан көлемді, жарқын «Көбелек» аппликациясын жасауды үйренеміз. Ол үшін бізге мына заттар қажет болады түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы және көбелектің дайын үлгісі. Мұндай әдемі көбелекті сыйлық ретінде беруге болады).

0
0
496