Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті достар!

ҚР 2021 жылғы 2 қаңтардағы ЭK 418-бабының 3-тармағына сәйкес, 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілердің немесе 2021 жылғы 1 шілдеге дейін өздеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындылары берілген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес арнайы табиғат пайдалану субъектілері болып танылған, пайдалануға берілмеген объектілердің операторлары тиісті объектілерді осы Кодекстің ережелеріне сәйкес І, ІІ, III және IV санаттарға жатқызу мақсатында 2021 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге міндетті екендігін еске саламыз.

Осы ретте, Құқықтық актілер туралы ҚР Заңының 14-бабының 3 тармағына сәйкес егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзімнің аяқталу күні сол күннен кейінгі таяудағы келесi жұмыс күні болып есептеледі. Сондықтан жоғарыда көрсетілген объектілердің операторлары 2021 жылғы 2 тамызға дейін объектілерді санаттарға жатқызу үшін өтініш беруге болатынын хабарлаймыз.

Объектілерді санаттарға жатқызу үшін өтініш беру үдерісін жеңілдету және жеделдету үшін Бірыңғай экологиялық портал әзірленді - http://ecogov.kz. БЭП операторы ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК болып табылады.

Бірыңғай экологиялық порталдың байланыс орталығы: тел.: 8 (7172) 24 81 74, 8 (7172) 24 83 45, 8 (7172) 24 83 48, 8 775 826 72 29.

0
0
181

Осы тақырып бойынша