Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде республика көлемінде аталынып өтті.

Абай туралы белгілі ғалым, жазушы Мұхтар Әуезов: "Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен толықтырды.Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр",-деген болатын.Иә, Абайдың қай шығармасын алып қарасаңыз да қазақтың ұлттық болмысы мен тұрмыс-салты әдемі бейнеленген. Ұлы ақынның қара сөздерінің өзі бір ұлтқа сарқылмайтын қазына деп айтсақ та артық етпес. Абай Құнанбайұлы туралы биыл 175 жылдығы өтіп жатқан жыр алыбы Жамбыл атамыз да: "Абай—ақындардың пайғамбары",-деген болатын. Міне осыдан-ақ біз Абайдың ұлы адам екеніне тағы бір мәрте көз жеткіземіз. Ұлтына ұмытылмас мұра қалдырған ұлы ақындарымызды ұлықтай білейік

0
0
198

Осы тақырып бойынша

Ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде республика көлемінде аталынып өтті. - Yvision.kz