Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 556 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Саяси Кеңесі Бюросының отырысы онлайн жүйесінде өткізілді.

"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының отырысы онлайн жүйесінде өткізілді. Күн тәртібінде "Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясына Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкіміне "Nur Otan" партиясы атынан кандидаттар ұсыну туралы". Күн тәртібіндегі мәселе бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Қуанәлиев хабарлама жасады. Бюро мүшелері тарапынан кезектен тыс өтетін XXXV конференция қарауына ұсынылған мәселер бірауыздан мақұлданды.

0
0
187

Партиялық бақылау комиссиясының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес

Онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өткізілді. Күн тәртібінде аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының "Еңбек" бағдарламасы бойынша атқарған жұмыстары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Ақоба ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы. Отырыс барысында комиссия мүшелері мен қатысушылар тарапынан жұмыспен қамту мәселелеріне байланысты ұсыныстар болып, болашақта жұмыс барысында ескерілу керектігі айтылды. Сонымен қатар, отырыста Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жем…

0
0
217

«Өңірлік даму» жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы

«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық Кеңестер отырысының онлайн-форматта отырысы өтті. Жиынға «Өңірлік даму» жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.1. Аудан бойынша интернет желісінің жұмысы2. 2021 жылы Жаңақала ауданына 21 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй салу құрылысының жұмысы3. 2021-2022 жылдары Жаңақала ауылына 2 пәтерлі 40 жалдамалы тұрғын үй салу құрылысының жұмысыАудан бойынша 4024 телефон нүктесі, 3761 интернет, 309 ID-Tv нүктелері қосылған. Қазіргі таңда интернеттік желіге сұраныс көп, аудан бойынша 148 абоненттен сұраныс түскен. "Кcell-Аktiv" интернеттік желісі бойынша Мұқырға 17 абонентке, Сарыкөлге 11 абонентке,…

1
0
297

Қоғамдық қабылдау өтеді

Қоғамдық қабылдау өтеді.

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық мәслихат депутаты Қазиев Сағын Самиғоллаұлы 16 тамыз күні, сағат 15:00-17.00-де аймақта короновирустық жағдайдың күрделенуіне байланысты, санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарымен онлайн және WhatsApp желісі арқылы жеке қоғамдық қабылдау өткізеді.

Қандай да бір өтініш, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, Шыңғырлау аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде күтеміз.

Мекен-жайымыз: Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі, №114 а үй.

Байланыс: 8(711) 37 34-100 .

0
0
245

Партиялық бақылау аясында

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында аудандық мәслихат депутаттары: «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов, «М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі» МКҚК директоры - партиялық бақылау комиссияның мүшесі Берік Ихсанов, «Қамысты мәдениет үйінің» директоры Кенжалиева Салтанат Қамысты ауылдық округінде болды.Сапар барысында партиялық бақылау тобының мүшелері Жол картасы шеңберінде Қамысты ауылында жүзеге асырылып ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу және жаяу жүргіншілерге арналған жол құрылысы жұмыстарының барысымен…

0
0
186

Аудандық мәслихат депутаты Ж.Гумаровтың қабылдауы

Жанболат Гумаров

4 августа, 16:34 ·

Бүгін аудандық филиалды кезекті қабылдауым өтті. Аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне ауыл тұрғыны көп балалы ана Р.Бисенгалиева тұрғын үй мәселесімен жазылған. Өз кезегімде сол мәселенің шешілу барысы бойынша қабылдау өткіздім. Р.Бисенғалиеваның өтініші бойынша ЖКХ бөлімінің мамандарымен хабарласып, тек тіркеуде тұрғаны анықталды. Үй кезегі 5 бағыт бойынша беріледі. Өтініш иесі көп балалы ана болғасын сол статусқа ауысуына ұсыныс білдірдім.

1
0
200

Кезекті фракция отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, Біржан Қуанәлиевтің төрағалығымен аудандық филиалы фракциясының отырысы онлайн форматта өтті. Оған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов және депутат-фракция мүшелері қатысты. Күн тəртібіне енгізілген мәселеге қатысты фракция төрағасы Б.Қуанәлиевтің 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына атқарған жұмысы туралы есебі тындалды. Депутаттық фракция мүшелері сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын шешу бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынастар жасауда. Фракция мүшелері өз өкілеттіктер шегінде мүдделі мекеме, ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілеуіне барынша атс…

0
0
225

Партия куәлігі табысталды

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында партия куәлігін табыстау жиыны өтті.

Басқосуға «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев төрағалық етті.

Ол аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Еділ Елемесов, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Дамир Зинулин, аудандық мемлекеттік архивтің қызметкері Айымгүл Алдиярова сынды мамандарға ресми түрде партия куәлігін табыс етіп, келешекте «Nur Otan» партиясының өркендеуіне қарқынды үлес қосуға шақырды.

0
0
286

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының есебі тыңдалды

23 шілде күні карантиндік талаптарды сақтай отыра, ZOOM онлайн форматында «Nur Otan» аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссисясының отырысы өтті. Онлайн жиында аудандық жұмыспен қамту орталығының 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі атқарылып жатырған жұмыстары тыңдалды.2021 жылдың басынан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Аудан бойынша жасақталған жұмыспен қамтудың кешенді жоспарына сәйкес 1159 адамды жұмыспен қамту шараларына тартылу жоспарланған болатын.2021 жылдың 1 қаңтарына 987 жұмыссыз болса, 01 шілдеге жұмыссыздар болып тіркелгендер саны 837 адам. Бағдарламаға қатысушылар құрамына е…

1
0
209