«Өңірлік даму» жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық Кеңестер отырысының онлайн-форматта отырысы өтті. Жиынға «Өңірлік даму» жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
1. Аудан бойынша интернет желісінің жұмысы
2. 2021 жылы Жаңақала ауданына 21 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй салу құрылысының жұмысы
3. 2021-2022 жылдары Жаңақала ауылына 2 пәтерлі 40 жалдамалы тұрғын үй салу құрылысының жұмысы
Аудан бойынша 4024 телефон нүктесі, 3761 интернет, 309 ID-Tv нүктелері қосылған. Қазіргі таңда интернеттік желіге сұраныс көп, аудан бойынша 148 абоненттен сұраныс түскен. "Кcell-Аktiv" интернеттік желісі бойынша Мұқырға 17 абонентке, Сарыкөлге 11 абонентке, Жанажолға 31 абонентке интернет қосылған. Сөз соңында Жуалыой елді мекеніне бұл интернеттік желі тұрғызылған, бірәқ жыл басынан бері іске қосылмай тұрғанын, Борық елді мекеніне алдағы уақытта интернет қосатынын және бұл жұмыстар әлі жалғасатынын атап өтті.
Келесі мәселеде Жаңақала ауданы бойынша "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында 7 жоба іске асырылуда. 2 жоба тұрғын үй құрылысы және 5 инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы.
Жаңақала ауданы орталығында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін аудан орталығынан 1 үш қабатты 21 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталған болатын. Құрылыс монтаж жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Келесі екінші жоба 2 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы" (1-кезең) құрылысы басталып, аяқтау жұмысы қараша айына жоспарланып отыр.
