"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының есебі тыңдалды
23 шілде күні карантиндік талаптарды сақтай отыра, ZOOM онлайн форматында «Nur Otan» аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссисясының отырысы өтті. Онлайн жиында аудандық жұмыспен қамту орталығының 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі атқарылып жатырған жұмыстары тыңдалды.
2021 жылдың басынан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Аудан бойынша жасақталған жұмыспен қамтудың кешенді жоспарына сәйкес 1159 адамды жұмыспен қамту шараларына тартылу жоспарланған болатын.
2021 жылдың 1 қаңтарына 987 жұмыссыз болса, 01 шілдеге жұмыссыздар болып тіркелгендер саны 837 адам. Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілген 840 адам шараға тартылған.
Бағдарламаның 1-ші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жоспар - 15 адамға жоспарланып, жұмыс берушілердің өтінімі шеңберінде 9 адам (60%) оқытылып, жұмысқа орналасқан..
2-ші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспар -110. Алты айда 89 адам толық оқуын бітіріп, сертификатын алған.
Грант алғандардың ішінде аз қамтылған -17 адам, 29 жасқа дейінгі жастар -5, мүгедек -1 адам және жұмыссыз 6 адамға берілген.
Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
1.«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету» бағыты аясында 3 жобасы бойынша 7 адам жұмысқа орналасқан.
Жоспардағы қалған жұмыстар жыл аяғына дейін орындалатын болады.
