Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қатысушыларымен дөңгелек үстел өткізді.

«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық мәслихат депутаты, Қарасаз ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымыРаева Бақытгүл Абдықадырқызы 12-қыркүйек Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қатысушыларымен,

"Ұлы жол-отбасы табалдырығынан басталады" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуге шаңырақ көтергендеріне 42 жыл болған ұлағатты отбасы Мәнкеев Ораз аға жұбайы Зәуреш апаймен, 30 жылдан аса бір шаңырақта бақытты өмір сүріп келе жатқан Қаранқұлов Бақыт жұбайы Ардақпен және Сатыбаев Серік жұбайы Назирамен және жас отбасы Тұрдәлі Ерәлі жұбайы Фаризамен бірге қатысты. Алдымен отбасы құндылықтары туралы баяндама оқылды.

Дөңгелек үстелде кеш қонақтары отбасындағы сыйластық, ер адам мен әйел адамның рөлі, бала тәрбиесі туралы кеңінен әңгімелеп берді.

0
0
181

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Қазақстсн Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тегістік БПҰ кітапханасында Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай, «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Мақсаты: Оқырмандарды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілгені, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енгені, болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз екендігіне тоқталды. Дөңгелек үстелге қатысушы Лаура Жарқынбекова егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік екендігін, қай ұлттың болса да өзіне тән, өзі қадір-құрмет тұтатын ана тілі барын, тіл ұлттың басты белгісі екендігін…

0
0
466

30 игі іс акциясы

Қапшағай қаласының жастар ресурстық орталығы, қалалық ІІ бөлімі және полицияға қолдау көрсетуші "Жалын" студенттік жасағымен бірге кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қаламызда түнгі рейд жүргізілді

#30игііс

0
0
200

«Семей-Невада» ұйымын құруға ат салысқан азаматтермен кездесу өткізді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы Қапшағай қалалық филиалы жанындағы белсенді ардагерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Семей-Невада» ұйымын құруға ат салысқан азаматтермен кездесу өткізді.Ұлы Отан соғысынан кейін Совет үкіметі атом бомбасын шығару жұмысын қолға алып, барлық ғалымдар қаймақтарын жинап қазақ жерінің ең бір шұрайлы да қасиетті Абай туған өлкені таңдап сол жерде сынақ полигонын ашқаны бәрімізге мәлім. Міне осы полигонда Семей қаласынан 150 км. жерде 1949 жылдың 29-шы тамызында атомдық бомба жарылысы сынақтан өткізіліп 1962 жылға дейін 56 жарылыс жер бетін жаңғыртып аулға өзінің уын шашты. Бұндай сынақ кезінде маңайындағы ел жұрттың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайы ескерілмей келеді. Ауыл аймақтағы тұрғындар да атом салдарының сынағынан өтуге мәжбүрленд…

0
0
195

Тіл мерекесі туралы...

Биылғы жыл айтулы мерекелерге толы. Тәуелсіз , зайырлы мемлекет болғанымызға 30 жыл , Жыр алыбы — Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы …. Сонымен бірге Қазақстан халқы тілдері мерекесінің де өзіндік маңызы мен ерекшелігі бар.

Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті.

Бұл мереке біз үшін және еліміз үшін қашанда маңызды . Ұлттық құндылығымыз бен келбетіміздің көрінісіне айналған бұл мереке тәуелсіз еліміздің нышаны әспеттес. Осынау мереке қарсаңында ауданымызда бастауыш партия ұйымдарында кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Барлық БПҰ мамандары қатысып, белсенділік танытты.

0
0
337

"Nur Otan"партиясы Ұйғыр аудандық филиалының экологиялық кеңес мүшелерімен сенбілік жұмыстары өтті.

Дүниежүзілік тазарту күніне орай "Nur Otan"партиясы Ұйғыр аудандық филиалының экологиялық кеңес мүшелерімен сенбілік жұмыстары өтті.

0
0
165

Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні аудандық партия филиалы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес төрағасы Амангельды Муслим кеңес мүшелерін күн тәртібімен таныстыра отырып кеңес жұмысын күшейтіп , жұмыс жасау қажет екендігін атап өтті.

0
0
173

Аудандық мәслихат депутаты Ж. Керімкулов Тиірмен ауылының тұрғыны А.Талиповамен кездесіп қайтты.

Ағымдағы жылдың 10 тамыз күні аудандық мәслихат депутаты Жәнет Керімкулов Тиірмен ауылының тұрғыны Анархан Талиповамен кездесіп қал-жағдайын біліп қайтты.

0
0
252

𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧 партиясы Ұйғыр аудандық филиалында жыл басынан бері 461 азаматқа қабылдау өткізілді

𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧 партиясы Ұйғыр аудандық филиалында жыл басынан бері 461 азаматқа қабылдау өткізілді .Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының Ұйғыр аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 461 өтініш түсті. Депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары 245 азаматты қабылдады. Өтініштердің 52%-ы шешілді, консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.Тұрғындар «Nur Otan» партиясына түрлі мәселелермен келеді. Олардың арасында сумен жабдықтау желілерін, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және т.б. бар.Еске сала кетейік, тұрғындар өздерін мазалаған мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясының Ұйғыр аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады:1. 8(727)78 2 14 672. WhatsАpp: 8 775 942 1134Сонымен бірге партиян…

0
0
178

Экологиялық мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні аудандық партия филиалы жанындағы экологиялық мәселелері жөніндегі

қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Кеңес төрағасы Г.Орынбаева кеңес мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.

0
0
169