Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қатысушыларымен дөңгелек үстел өткізді.

«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық мәслихат депутаты, Қарасаз ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымыРаева Бақытгүл Абдықадырқызы 12-қыркүйек Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қатысушыларымен,

"Ұлы жол-отбасы табалдырығынан басталады" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуге шаңырақ көтергендеріне 42 жыл болған ұлағатты отбасы Мәнкеев Ораз аға жұбайы Зәуреш апаймен, 30 жылдан аса бір шаңырақта бақытты өмір сүріп келе жатқан Қаранқұлов Бақыт жұбайы Ардақпен және Сатыбаев Серік жұбайы Назирамен және жас отбасы Тұрдәлі Ерәлі жұбайы Фаризамен бірге қатысты. Алдымен отбасы құндылықтары туралы баяндама оқылды.

Дөңгелек үстелде кеш қонақтары отбасындағы сыйластық, ер адам мен әйел адамның рөлі, бала тәрбиесі туралы кеңінен әңгімелеп берді.

0
0
178

Осы тақырып бойынша

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қатысушыларымен дөңгелек үстел өткізді. - Yvision.kz