«Семей-Невада» ұйымын құруға ат салысқан азаматтермен кездесу өткізді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясы Қапшағай қалалық филиалы жанындағы белсенді ардагерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Семей-Невада» ұйымын құруға ат салысқан азаматтермен кездесу өткізді.
Ұлы Отан соғысынан кейін Совет үкіметі атом бомбасын шығару жұмысын қолға алып, барлық ғалымдар қаймақтарын жинап қазақ жерінің ең бір шұрайлы да қасиетті Абай туған өлкені таңдап сол жерде сынақ полигонын ашқаны бәрімізге мәлім. Міне осы полигонда Семей қаласынан 150 км. жерде 1949 жылдың 29-шы тамызында атомдық бомба жарылысы сынақтан өткізіліп 1962 жылға дейін 56 жарылыс жер бетін жаңғыртып аулға өзінің уын шашты. Бұндай сынақ кезінде маңайындағы ел жұрттың қауіпсіздігі мен денсаулық жағдайы ескерілмей келеді. Ауыл аймақтағы тұрғындар да атом салдарының сынағынан өтуге мәжбүрленді. Ол маңда тұратын 20 мыңдаған адамдар әлі күнге дейін сол маңда тұрып жатыр. Полигон маңындағы жерде тұратын халық арасында ақ қан ауруымен ауратын, мүгедек болып туатын балалар, түрлі жүйке аурулар пайда бола бастады. Осының бәрі жасырын түрде ақпараттық желіден тыс ұсталды. 1990 жылдың 5 тамызында Семей-Невада қозғалысы арқасында Америка мен Совет үкіметі арасында атом сынағын тоқтатуға келісімге қол қойылып келесі жылы Қазақстан егемендігімен бірге 5 тамызда 1991 жылы жабық деп жарияланды. Бұл мәселені қолға алып өкімет тарапынан талап қойып, еліміздің келешегіне зиянын тигізетін қаруды тоқтату қозғаласын қолға алған белгілі ақын Олжас Сүлейменов болды. Осы Семей-Невада қозғалысының арқасында халық шындықты біліп, жер жүзіне әшкере болды.
Қаламызға Семей өңірінен көшіп келген, сол жердің тумасы болған қапшағайлықтар алдағы күндері толық шешімге келіп, ұйымның ары қарай жұмыс жасауына қол жеткізеді деген сенімдеміз. #Ардагерлердіардақтайық
