Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧 партиясы Ұйғыр аудандық филиалында жыл басынан бері 461 азаматқа қабылдау өткізілді

𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧 партиясы Ұйғыр аудандық филиалында жыл басынан бері 461 азаматқа қабылдау өткізілді .

Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының Ұйғыр аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 461 өтініш түсті. Депутаттар мен мемлекеттік органдардың басшылары 245 азаматты қабылдады. Өтініштердің 52%-ы шешілді, консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.

Тұрғындар «Nur Otan» партиясына түрлі мәселелермен келеді. Олардың арасында сумен жабдықтау желілерін, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және т.б. бар.

Еске сала кетейік, тұрғындар өздерін мазалаған мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясының Ұйғыр аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуына болады:

1. 8(727)78 2 14 67

2. WhatsАpp: 8 775 942 1134

Сонымен бірге партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасында отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» арнайы байланыс орталығы іске қосылды.

0
0
177

Осы тақырып бойынша

𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧 партиясы Ұйғыр аудандық филиалында жыл басынан бері 461 азаматқа қабылдау өткізілді - Yvision.kz