Қазақстандағы тұңғыш Data-журналист мамандарын даярлайтын оқу ордасы
Бірнеше жылдарды артқа тастап көз жүгіртер болсақ, кез-келген азамат(ша) өзге аймаққа айтар жаңалығын жеткізу үшін газет баспаханаларының есігін қағып, телеарналарға жүгінетін еді. Елді ақпараттандыру күші тек БАҚ өкілдеріне тиесілі болғанымен, қазір кез-келген тұлға сандық технологиялар, әлеуметтік желінің көмегі арқылы тиісті хабарын өзі үйде отырып-ақ тарату мүмкіндігіне ие болды. Кірпік қақтырмай тез таралатын ақпараттардың ақ-қарасын ажырату да қиын. Толассыз келіп түсетін мәліметтердің шындығына жету үшін жинау, сұрыптау және визуализациялау күннен күнге өзектілігін арттырып келеді. Осы тұста, үнемі заман талабына сай мамандар дайындауда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті үнемі ілгері жүреді. Талай қаламы қарымды журналистерді ұясынан ұшырған оқу ордасы бүгінгі күні Data -…
