Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандағы тұңғыш Data-журналист мамандарын даярлайтын оқу ордасы

Бірнеше жылдарды артқа тастап көз жүгіртер болсақ, кез-келген азамат(ша) өзге аймаққа айтар жаңалығын жеткізу үшін газет баспаханаларының есігін қағып, телеарналарға жүгінетін еді. Елді ақпараттандыру күші тек БАҚ өкілдеріне тиесілі болғанымен, қазір кез-келген тұлға сандық технологиялар, әлеуметтік желінің көмегі арқылы тиісті хабарын өзі үйде отырып-ақ тарату мүмкіндігіне ие болды. Кірпік қақтырмай тез таралатын ақпараттардың ақ-қарасын ажырату да қиын. Толассыз келіп түсетін мәліметтердің шындығына жету үшін жинау, сұрыптау және визуализациялау күннен күнге өзектілігін арттырып келеді. Осы тұста, үнемі заман талабына сай мамандар дайындауда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті үнемі ілгері жүреді. Талай қаламы қарымды журналистерді ұясынан ұшырған оқу ордасы бүгінгі күні Data - журналист мамандарын дайындаушылардың алғашқысы болып отыр. Журналистер жазуға келгенде ділмар, майталман болғанымен, ақсап тұрған жері - ақпараттық технологияларды пайдаланудағы білімнің жеткіліксіздігі. Білім арқылы технологияларды пайдаланудағы сауаттылықты дамыту, сандарға бағыну қазақ журналистерінің деңгейі үшін өте өзекті. Дата журналистика бұқаралық ақпарат құралдарын сынға алуда десек те болады. Себебі, деректерді өңдеу қызметтері журналистерді, графикалық дизайнерлер мен бағдарламашыларды бірлескен жобаларды игертуге тырысуда. БАҚ-тың бұл жаңа бағытының алғашқы үлкен толқыны 2010 жылы бастау алды, мысалы, британдық The Guardian және New York Times, Chicago Tribune сияқты американдық газеттер, жаңалық жасайтын медиа ұйымдар журналистік процестерге жаңа сандық технологияларды бейімдеу мен енгізудің алдыңғы қатарында болып келеді. Қазақ Ұлттық университеті шет елдермен білім алмаса отырып зерттеуші журналистерге бағдарламалау шеберлігін меңгертіп, біліктілігін арттыру мақсатында түрлі тәжірибелік жұмыстар өткізуде. Себебі, біздің айналамыздағы барлық заттар деректерге ұласады және бұл деректердің көлемі артып келеді. Егер ақпарат берудегі тәсілдердерімізді өзге елдерден қалыспай жаңартып отыратын болсақ, заман талабына сай сұранысқа ие "әмбебап тілші" боларымыз сөзсіз.

Асханбек Аида

0
0
393

Осы тақырып бойынша