Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Абай атындағы мектеп гимназиясының мектеп жанындағы интернаттың жалпы жағдайына тексеру жүргізілді.

2021 жылдың 14 қазан күні Ақжайық аудандық білім бөлімінің басшысы Сабиров Біржан Серікұлы «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Ержанова Бақытгүл Ғилманқызы және ««Nur Otan» партиясының есеп және статистика секторының меңгерушісі Ахметкалиева Айнагүл Нұрболатқызы мониторингтік топ құрамы Абай атындағы мектеп гимназиясының мектеп жанындағы интернаттың жалпы жағдайын, материалдық техникалық базасы және оқушыларға жасалған жағдайлардың деңгейлерін толықтай білу мақсатында мониторинг жұмысы жүргізілді.

Тексеру барысында барлығы талапқа сай, салқын су, ыссы су қосулы, жылы, таза жинақы оқушыларға барлық жағдай жасалған. Жатақханада тұрып, сонда тамақтанып білім алатын оқушылар үшін барлық санитарлық талаптар сақталған. Оқушылардың барлығы риза ешқандай шағымдары жоқ екендіктерін айтты. Білім бөлімінің басшысы Б.Сабиров оқушыларға алдағы уақытта сабақтарын жақсы оқып, жақсы білім алып болашақта жақсы жетістіктерге жетулеріне тілектес екендін айтты. Ақыл кеңестерімен бөлісті.

#nurotan #БҚО #депутат #мәслихат

0
0
238

Осы тақырып бойынша

Абай атындағы мектеп гимназиясының мектеп жанындағы интернаттың жалпы жағдайына тексеру жүргізілді. - Yvision.kz