
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында КЕМЕРГЕ АУЫЗ СУ КЕЛДІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шаған ауылдық округіне қарасты Кемер елді мекеніне таза су келді.Ауыз суды тасымалдап ішетін ауылдың тұрғындарына су құбырын тарту «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаралған болатын. Мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған бұл құрылысқа 285 млн. теңге қаражат жұмсалған. Мердігер «GazConstrctions» ЖШС мамыр айында бастаған жұмысын желтоқсанда аяқтап шықты. Енді ұзындығы 7 859 метрлік су желісіне қосылған әр үйде таза су құбырмен келіп тұр.Нысанның іске қосылу рәсіміне арнайы келген Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев кемерліктерді Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.Көптен күткен қуаныш тойында ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Бисенғали Ақберлиев, қүрылыс салған «GazConstrctions» ЖШС учаскелік басшысы…
Департаментке қандай сұрақтармен жүгіне аласыз?
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарландырады:Егерде қызмет көрсетушілер Сізге сапасыз және уақытылы мемлекеттік қызмет көрсетпесе; Егер мемлекеттік қызметші Әдеп нормаларын бұзса немесе Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасаса;Егер Сіз Мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру мәселелері бойынша консультация алғыңыз келсе, сіз Департаментке келесі мекен-жай бойынша жүгіне аласыз: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 75 мекен-жайы бойынша немесе «Электронды Үкімет Порталы» арқылы.Телефон нөмірлері 8(7282) 24-01-66, 24-07-10 және де www.gov.kz ресми сайтында Департамент жайлы толық мағлұматпен таныссаңыздар болады.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойы…
Елдіктің жеті тұғыры
«SENIM» кәсіподағы №2 Ақтау қалалық емханасының медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті.
Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Өңірде эпидемиялогиялық ахуал күрделенген тұсты айтпағанда, күнделікті өмірде науқастардың өмірі мен денсаулығы үшін күндіз-түні тынбастан күрес жүргізіп келеді. Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының ерекше бақылауында. Бүгін «SENIM» кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету мақсатында №2 Ақтау қалалық емхана қызметкерлеріне медициналық формалар сатып алуға қаржылай көмек көрсетті. Бүгінде емхананың 238 орта және 39 кіші буын медицина қызметкеріне медициналық формалар табысталды. Өңірдегі денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық тұрғыда қолдау - кәсіподақ ұйымының басым-бағыты болып табылады және мұндай шаралар алдағы у…
Ақ халатты абзал жандар әрдайым құрметке лайық!
Мекеменің бас дәрігеріне өңірдегі медициналық қызметтің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін «Құрмет грамотасын» табыс етті. Айта кету керек, аталмыш мекеме кәсіподақ қозғалысының дамуына үнемі қолдау көрсетіп келеді.«ERKEMED» емханасы – тіркелген халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен консультативтік-диагностикалық көмек түрінде медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Емхана халықтың денсаулығын жақсартуды мақсат етіп, науқастарға қолайлы жағдай жасауда. Қазіргі таңда емханада 75 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 35 дәрігер, 30 фельдшер және т.б. Сондай-ақ емхананың барлық қызметкерлері "SENIM" кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады. «ERKEMED» емханасына жетекшілік етіп отырған бас дәрігер Қасым Төреханұлына және ұж…
Шағын футболдан медицина қызметкерлері арасында өткен чемпионатқа Маңғыстау құрамасы қатысты!
Аталмыш жарысқа Маңғыстау командасы «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының қолдауының арқасында қатысып, құрметті үшінші орынға ие болды. Біздің команда құрамында Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы, облыстық жедел жәрдем стансасы, Түпқараған, Бейнеу және Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы сияқты ұйымдардың медицина қызметкерлері өнер көрсетті. Маңғыстау облысы құрамасының құрамында келесі ойыншылар өнер көрсетті. Команда капитаны Қобланов Сәкен Ұзақбайұлы болса, Жолдасов Ислам Салилуй, Алиманов Әуесбек Нұрлыбекұлы, Бекхожин Мұрат Қалдыбекұлы, Қазыбаев Бертқали Дүйсембайұлы, Чотбаев Сапарбай Қадірбайұлы, Қаматаев Айдос Салықұлы, Айымов Шалқар Еркінұлы, Бүркіталиев Нұрлан Ермекбайұлы, Стуаниев Мирас Жалқасұлы, Зекенов Манарбек Нұрболатұлы, Ерғожаев Қанат Іңірбайұлы, Ша…
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні аудандық кітапханада тәуелсіздік құрдастарымен кездесу болды .
10 желтоқсан күні ауданымыздағы желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу болып өтті.
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні ауданымыздағы желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу болып өтті. Кездесу барысында аудан әкімі Ш.Нурахунов ізгі тілегін білдіріп, мерекемен құттықтады
15 желтоқсан күні аудандық партия филиалында партия қатарына салтанатты қабылдау болып өтті.
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні аудандық партия филиалында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай партия қатарына салтанатты қабылдау болып өтті.