Ақ халатты абзал жандар әрдайым құрметке лайық!
Мекеменің бас дәрігеріне өңірдегі медициналық қызметтің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін «Құрмет грамотасын» табыс етті. Айта кету керек, аталмыш мекеме кәсіподақ қозғалысының дамуына үнемі қолдау көрсетіп келеді.

«ERKEMED» емханасы – тіркелген халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен консультативтік-диагностикалық көмек түрінде медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Емхана халықтың денсаулығын жақсартуды мақсат етіп, науқастарға қолайлы жағдай жасауда.

Қазіргі таңда емханада 75 қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 35 дәрігер, 30 фельдшер және т.б. Сондай-ақ емхананың барлық қызметкерлері "SENIM" кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады. «ERKEMED» емханасына жетекшілік етіп отырған бас дәрігер Қасым Төреханұлына және ұжымға зор денсаулық, мол табыс, отбасыларына амандық, облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайтуда жемісті еңбек тілейміз.

