Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«SENIM» кәсіподағы №2 Ақтау қалалық емханасының медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетті.

Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Өңірде эпидемиялогиялық ахуал күрделенген тұсты айтпағанда, күнделікті өмірде науқастардың өмірі мен денсаулығы үшін күндіз-түні тынбастан күрес жүргізіп келеді.

Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының ерекше бақылауында. Бүгін «SENIM» кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсету мақсатында №2 Ақтау қалалық емхана қызметкерлеріне медициналық формалар сатып алуға қаржылай көмек көрсетті.

Бүгінде емхананың 238 орта және 39 кіші буын медицина қызметкеріне медициналық формалар табысталды. Өңірдегі денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық тұрғыда қолдау - кәсіподақ ұйымының басым-бағыты болып табылады және мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатыны сөзсіз.

0
0
214

Осы тақырып бойынша