Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Ауыл үлкендерін мерекемен құттықтады.

1-наурыз – талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен адамның адамға құрмет көрсететін күні, барлық ұлттың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күні болып белгіленген болатын. Бүгін осы «Алғыс айту күніне» орай БҚО Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Т.Махимов бастаған музей ұжымы ауылымыздың 80-90 жас аралығындағы ардагерлерді құттықтап, сый-сияпат табыстады. Саналы ғұмырында ұрпақ тәрбиелеп, еңбегімен елдің дамуына үлкен үлес қосқан аға-апаларымызға алғысымыз шексіз!

0
0
147

Ауыл үлкендерін мерекемен құттықтады.

Хан ордасы ауылында көктемнің алғашқы күні 1-наурыз "Алғыс айту" күніне орай, "Орда" БПҰ төрағасы М.Сисенов, әлеуметтік сала қызметкерімен және Хан ордасы ауылдық жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші маманымен бірлесе отырып, ҰОС соғысы ардагеріне және ауылымыздың ардагер ұстаздарына алғысын білдіріп, шағын сыйлықтарын ұсынды.

0
0
119

Аналарға алғыс айтылды.

1-наурыз "Алғыс айту" күніне орай Бөрлі ауылдық Мәдениет үйінің және әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруымен "Алғысым шексіз "атты мерекелік шара өтті.Алтын алқа,күміс алқа иегерлеріне арнайы мерекелік дастарқан жайылды.Аналарға арнап ән шырқалып,би биленді. Сондай-ақ "Т.Масин" БПҰ төрағасы М.Қитанов сөз сөйлеп ауыл тұрғындарына,аналарға өз АЛҒЫСЫН жеткізсе, "Nur Otan" партиясының фракция мүшесі, аудандық мәслихат депутаты А.Бейсова да алғыс айтып, шағын сыйлықтарын табыстады.

0
0
111

«Nur Otan» партиясының атауы «АMANAT» деп өзгертілді.

Жаңа атауды Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ұсынды.

«Мен партиямызды ресми тұрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын. Қазір әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Осындай аумалы-төкпелі заманда біз жаңа даму кезеңіне өттік. Барлығымыз Жаңа Қазақстанды құруға жұмыла кірісіп жатырмыз. Партия жаңа бастамаларға ұйытқы болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі басты мәселе – партияның жаңғыртылуы. Осыған орай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл пікірталасқа мен де қатыстым. Бірнеше ұсыныстың ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл - ұлт үшін де, халық үшін де қастерлі ұғым. Бұл мемлекеттілік пен ұрпақ жалғастығын көрсетеді», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы

0
0
129

Мәжіліс депутаты "МЕРЕЙ" Бастауыш Партия Ұйымының белсенділерімен кездесуі

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құлшар Мәлік Иманқұлұлы Тасқала ауданына жұмыс сапарымен келіп,Мерей ауылдық округіне де ат басын бұрды. Халық қалаулысы Құлшар Мәлік Иманқұлұлы бүгінгі күнде өзекті мәселе болып жүрген Мерей ауылының мәдениет үйінің жағдайымен танысты. Мерей ауылының жастары үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салынуы өте маңызды. Біздің заманда жастар заман көшіне ілесу керек. Жақын күндері Мерей ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Мәдениет үйін салу қолдау тапса деген ниеттеміз.

0
0
180

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кездесуі

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі А. Сарым, ҚР Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі, Қазақстан күрдтері қауымдастығының вице-президенті В.Набиев Жетісу ауданындағы №57 жалпы білім беретін мектептің қосалқы салынған 300 орындық ғимаратының жұмыстарымен танысты. Жаңа ғимаратта 14 оқу кабинеті мен 300 орынға арналған акт залы бар. Оқу кабинеттері техникалық құралдар, интерактивті тақта, компьютер, керекті жиһазбен жабдықталған. Акт залы дыбыс күшейткіш колонкалармен және синтезатормен қамтамасыз етілген. Қосалқы ғимараттың кабинеттері 5-9 сынып оқушыларына арналған. Мектеп ғимаратында заман талабына сай компьютерлік кабинет, кітапхана, оқу залы, спорттық жаттықтыру залы және асхана орналасқан.Аталған кешен Алматы қаласы «Жол картасы…

0
0
209

Мәжіліс депутаты Тасқалада

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құлшар Мәлік Иманқұлұлы Тасқала ауданындағы жұмыс сапарында ауданымыздың Тасқала ауылында 2020 жылы бастау алған 320 көрермен орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. КПО ұйымының демеушілігімен іске асырылатын жобаның құны – 706 млн теңге шамасында. Құрылысты жобалаушы ұйым – «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС.Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары елімізде құрылыс материалдарының бағасы күрт өсуіне және жобаның түзетілуіне байланысты 2020 жылдың соңында уақытша тоқтатылды. Халық қалаулысы құрылыстың мерзімінде, сапалы орындалуы керектігін басып айтты. Бұл кешеннің құрылысы сәтті аяқталса, тасқалалықтар бұқаралық спортпен айналасуға толық мүмкіндік алар еді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бекінген жас…

0
0
204