Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәжіліс депутаты Тасқалада

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құлшар Мәлік Иманқұлұлы Тасқала ауданындағы жұмыс сапарында ауданымыздың Тасқала ауылында 2020 жылы бастау алған 320 көрермен орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. КПО ұйымының демеушілігімен іске асырылатын жобаның құны – 706 млн теңге шамасында. Құрылысты жобалаушы ұйым – «ПроектСтройИнжиниринг» ЖШС.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары елімізде құрылыс материалдарының бағасы күрт өсуіне және жобаның түзетілуіне байланысты 2020 жылдың соңында уақытша тоқтатылды. Халық қалаулысы құрылыстың мерзімінде, сапалы орындалуы керектігін басып айтты. Бұл кешеннің құрылысы сәтті аяқталса, тасқалалықтар бұқаралық спортпен айналасуға толық мүмкіндік алар еді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бекінген жастар үшін таптырмас орынға айналатыны ақиқат.

0
0
202

Осы тақырып бойынша

Мәжіліс депутаты Тасқалада - Yvision.kz