ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кездесуі

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі А. Сарым, ҚР Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі, Қазақстан күрдтері қауымдастығының вице-президенті В.Набиев Жетісу ауданындағы №57 жалпы білім беретін мектептің қосалқы салынған 300 орындық ғимаратының жұмыстарымен танысты. Жаңа ғимаратта 14 оқу кабинеті мен 300 орынға арналған акт залы бар. Оқу кабинеттері техникалық құралдар, интерактивті тақта, компьютер, керекті жиһазбен жабдықталған. Акт залы дыбыс күшейткіш колонкалармен және синтезатормен қамтамасыз етілген. Қосалқы ғимараттың кабинеттері 5-9 сынып оқушыларына арналған. Мектеп ғимаратында заман талабына сай компьютерлік кабинет, кітапхана, оқу залы, спорттық жаттықтыру залы және асхана орналасқан.

Аталған кешен Алматы қаласы «Жол картасы» аясында «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалуы барысында партияның бақылауында болған, бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған нысандардың бірі.