482 оқушы конкурстық іріктеуден өткен
Отырыстың күн тәртібінде төмендегідей үш мәселе қаралды.Бірінші барлық оқу орындарын цифрландыру, қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу бойынша 2021 жылда атқарылған жұмыстар бойынша.Екінші білім берудің барлық кезеңдерінде цифрлық сауаттылықты арттыру. Үшінші Елдің мамандандырылған мектептерінде білім алу үшін ауылдың балаларына мүмкіндіктер беру мәселелері талқыланды.2021 жылы 482 оқушы конкурстық іріктеуден өтіп, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерге қабылданған. Оның ішінде 161 оқушы ауылдық жерлерден.2019 жылы облыс әкімінің инвестициялық орталығы базасында "Jastar Time" бірегей инновациялық орталығы ашылды, онда оқушыларды ШҚТУ-дың үздік оқытушылары бағдарламалауды оқытады. Орталық ІТ саласында тәжірибе мен идеялармен алмасу үшін іскерлік алаң ретінде қ…







