Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Комиссия отырысы өтті.

"AMANAT " партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңес төрайымы, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен өтті. Отырысқа Бөкей ордасы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығы А.Сагитов,өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қатысты. Кеңес отырысында Саралжын ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы округ әкімі Н. Кереш онлайн арқылы хабарлама жасады. "Ақжайық " адалдық алаңы жобалық кеңсесінің 2021 жылы атқарған жұмысы туралы аудандық мәслихат депутаты, Жастар ресурстық орталығының басшысы, "Ақжайық "адалдық алаңы жобалық кеңсесінің кураторы Р.Құрманғазиев баяндады…

0
0
266

«AMANAT» партиясы қоғамның саяси модернизациясының басында тұруы тиіс – Айдос Сарым

19.03.2022 Алматыда Президенттің саяси реформаларын қолдауға арналған митинг өтті. Саясаттанушы, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым халықты бірлікке, саяси күштерді әріптестікке шақырды. Алматыда өтіп жатқан митингте сөз сөйлеген депутат бірлікке шақырудың қазір популизм еместігін айтты. Айта кетейік, «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында митинг өткізді. «AMANAT» партиясы қоғамның саясимодернизациясының басында тұруы тиіс. Ашықтық, әділдік пен халық үніне құлақ асу – партия жұмысының жаңа қағидаты. Қазіргітаңда бірлікке шақыру популизм емес, қажеттілік. Мен үшін Тәуелсіздік пен бостандық– абсолютті құндылық. Біз барлық қоғамдық-саяси күштерді әріптестікке, бірге жұмысістеуге, жаңа Қазақстан…

0
0
197

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді ӘБЖАНОВ

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ханкелді ӘБЖАНОВ «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында өткен митингтегі сөзінен: «Президентіміз Қ.Тоқаев жүзеге асырып жатқан бастамалар мен реформалар ҚР Конституциясында паш етілген құқықтық мемлекет құруға жол ашатынына сенім мол. Біз саяси модернизациялаудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. «AMANAT» партиясының дүниеге келгені осының көрінісі». «Тәуелсіздік – бабаларымыздың арманы әрі аманаты. Ал жаһандану тұсында арман мен аманат ақиқатқа айналу үшін елдегі ынтымақтан, келісімнен, кемел үнқатысудан артық дүние жоқ». #Amanat

0
0
256

Көшпелі қоғамдық қабылдау Тасқала ауданы Амангелді елді мекенінде өтіп, ауыл тұрғындарын қабылдады

Бүгін "AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының шалғай елді-мекендерге "Мобильді қабылдауы" Тасқала ауданы, Амангелді ауылынан бастау алды. Амангелді ауылы облыс орталығынан 120 шақырымда орналасқан, 1300 тұрғыны бар ауыл. Қабылдауға партияның Батыс Қазақстан Облыстық Мәслихаты депутаты Аскар Ликеров, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Ашық, аудан әкімі, партияның Тасқала аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Айтмагамбетов аудандық филиалдың атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Люция Жубанышкалиева және аудандық бөлім басшылары қатысты. Қабылдауда ауыл тұрғындары: 🏫 орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу; 🛣 ауылішілік жолдарды жөндеу; 🏩 балабақша ашу; 🏥 дәріхана ашу; 💡💡 электр желілерінің тозғандығы; 🌱🌾🌻 бау-бақша егу үшін жер телімін беру сұрақ…

0
0
268

Тасқала ауданының "AMANAT" партиясының партиялық актив отырысы өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінің кіші залында «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының актив отырысы болып өтті. Актив отырысына саяси кеңестің мүшелері, депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және жастар қатысты. Партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов жүргізген жиында күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын шешімдерін орындаудағы ауадандық филиалдың міндеттері талқыланды. Жиын барысында «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Люция Жұбанышқалиева баяндама жасады. «Өздеріңізге мәлім, ағымдағы жылдың 16 наурызында ел Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жодауын арнады. Бұл Жолдаудың мән-маң…

0
0
336

Жаңа Қазақстан- жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты.

Жаңа Қазақстан- жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың"Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауын тындап шықтым. Жолдауда құр уәде, бос үміт жоқ, нақты айқын әрі көнілге сенім ұялатады. Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы, жұртшылықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Жолдауда Мемлекет басшысы "Қасіретті қаңтар" оқиғасы туралы бастап...«Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық», - деп қорытындысын шығарды. "Азаматтардың ертең емес , бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Е…

0
0
879

‘Бақытты отбасы’ партиялық жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды.

‘Бақытты отбасы’ партиялық жобасы аясында ‘Байланыс’ бастауыш партия ұйымының ұйымдастаруымен "Отбасылық бақыт мекені" атты отбасылық сайыс ұйымдастырылды.

0
0
265

Мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды

«2-топтағы мүгедек Айжан Қайратқызы Төлеубаева мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмек сұрап партияның қоғамдық қабылдауына жүгінді. Біз өз тарапымыздан мәселенің оң шешілуіне барынша тырыстық. Сонымен қатар айта кететіндігі қабылдауға келетін азаматтардың шамамен 10 пайызы жұмыссыздық мәселесін көтереді. Осы наурыз айында жоғардағы азаматтан басқада үш азамат біздің қоғамдық қабылдауға жүгіну арқалы жұмысқа орналасты,- деп атап өтті «AMANAT» партиясының Көкпекті аудандық филиалының атқарушы хатшысы Кемербаева Раушан Алпысбекқызы.Партияның қоғамдық қабылдауларына жүгінген азаматтардың өтініштері егжей-тегжейлі зерделеніп, партия депудаттары және жергілікті атқарушы органдардың араласуы арқылы жүзеге асырылады.«AMANAT» партиясының ШҚОФ жанында партияның 20 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмы…

0
0
269

31 наурыз күні аудандық полиция бөлімінің бастығы Калмаков Игорь Владимирович қабылдау жүргізеді.

Құрметті аудан тұрғындары!

‘AMANAT’ партиясы Ұйғыр аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 31 наурыз күні аудандық полиция бөлімінің бастығы Калмаков Игорь Владимирович қабылдау жүргізеді. Жазылу үшін көрсетілген телефон номерлеріне хабарласуларыңызға болады.

0
0
246