Мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды
«2-топтағы мүгедек Айжан Қайратқызы Төлеубаева мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмек сұрап партияның қоғамдық қабылдауына жүгінді. Біз өз тарапымыздан мәселенің оң шешілуіне барынша тырыстық. Сонымен қатар айта кететіндігі қабылдауға келетін азаматтардың шамамен 10 пайызы жұмыссыздық мәселесін көтереді. Осы наурыз айында жоғардағы азаматтан басқада үш азамат біздің қоғамдық қабылдауға жүгіну арқалы жұмысқа орналасты,- деп атап өтті «AMANAT» партиясының Көкпекті аудандық филиалының атқарушы хатшысы Кемербаева Раушан Алпысбекқызы.
Партияның қоғамдық қабылдауларына жүгінген азаматтардың өтініштері егжей-тегжейлі зерделеніп, партия депудаттары және жергілікті атқарушы органдардың араласуы арқылы жүзеге асырылады.
«AMANAT» партиясының ШҚОФ жанында партияның 20 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, оның ішінде: 1 өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмесі және 19 аумақтық қабылдау бөлмесі. Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1953 азамат өтініш білдіріп, 686 – ы немесе 35% - ы оң шешім тапты, оның ішінде консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді, 1166-дан (60 %) консультативтік көмек көрсетілді және түсініктемелер берілді, қалған өтініштер бойынша әліде жұмыс жасалуда.
