Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көшпелі қоғамдық қабылдау Тасқала ауданы Амангелді елді мекенінде өтіп, ауыл тұрғындарын қабылдады

Бүгін "AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының шалғай елді-мекендерге "Мобильді қабылдауы" Тасқала ауданы, Амангелді ауылынан бастау алды. Амангелді ауылы облыс орталығынан 120 шақырымда орналасқан, 1300 тұрғыны бар ауыл. Қабылдауға партияның Батыс Қазақстан Облыстық Мәслихаты депутаты Аскар Ликеров, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Ашық, аудан әкімі, партияның Тасқала аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Айтмагамбетов аудандық филиалдың атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Люция Жубанышкалиева және аудандық бөлім басшылары қатысты. Қабылдауда ауыл тұрғындары: 🏫 орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу; 🛣 ауылішілік жолдарды жөндеу; 🏩 балабақша ашу; 🏥 дәріхана ашу; 💡💡 электр желілерінің тозғандығы; 🌱🌾🌻 бау-бақша егу үшін жер телімін беру сұрақтарымен жолықты. Қабылдауға келген тұрғындардың тек жеке бастың ғана емес, туған ауылдары үшін алаңдағаны қуантарлық жағдай. ✔️ Орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу мәселесі бойынша қажетті құжаттар жасақталып, облыстық эконмика басқармасына жолданғаны анықталды. Облыстық бюджеттік комиссияда қаралып жатырғандығын жеткізді. ✔️Ауыл ішіндегі көшелердің жолын жөндеу мәселесі бойынша "Ауыл ел бесігі" жобасы аясында Астана көшесіне жөндеу жүргізуге бюджеттік тапсырыс облыстық комиссиядан қолдау тауып, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданғанын айтты; ✔️жеке балабақша, дәріхана ашу мәселесі бойынша ауылда іс бастағысы келетін азаматтарға мемлекет тарапынан құжаттар рәсімдеуде көмек көрсетілетіні түсіндірілді; ✔️тозығы жеткен электр желілері бойынша, аталған сұрақтың тек Тасқала ауданында ғана емес, облыс көлемінде де өзекті екендігін айтып, облыстық мәслихаттағы депутаттық кррпус "ЗапКазРЭК" АҚ мен бірлесе шешу жолдарын қарастырып жатқандығын, бір мезгілде ауыстыру мүмкін еместігін, кезең-кезеңмен жаңартылатынын айтты; ✔️шаруаларға жер телімдерін алу мәселесі бойынша да бүгінгі Заңнамада аукцион арқылы жер телімдерін алу өз ісін енді бастап жатырған кәсіпкерлерге қиындық туғызатынын, ірі шаруашылықтарға жеңіл болатынын айтып, алдағы уақытта кәсіпкерлерден Заңнамаға өзгерістер енгізуге ұсыныстар жинауға "AMANAT" партиясы ашық екендігі айтылды. Қабылдауға 19 адам келіп, барлық сұрақтар бақылауда болады. "Мобильді қабылдаулар" жоспарға сәйкес тек алдағы екі айда 24 елді-мекенде болмақ. #AMANAT #қоғамдыққабылдаубқо

0
0
268

Осы тақырып бойынша

Көшпелі қоғамдық қабылдау Тасқала ауданы Амангелді елді мекенінде өтіп, ауыл тұрғындарын қабылдады - Yvision.kz