Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа Қазақстан- жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты.

Жаңа Қазақстан- жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың"Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауын тындап шықтым. Жолдауда құр уәде, бос үміт жоқ, нақты айқын әрі көнілге сенім ұялатады. Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы, жұртшылықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Жолдауда Мемлекет басшысы "Қасіретті қаңтар" оқиғасы туралы бастап...«Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық», - деп қорытындысын шығарды. "Азаматтардың ертең емес , бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең маңыздысы - еліміздің егемендігі. Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен, халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады"- деді. «Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай, «Күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз». Жаңа Қазақстанды бірге құрып, өзгерісті құруда өзімізден бастап, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенуге шақырамын, жерлестерім! «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Люция Жубанышқалиева #Amanat

0
0
878

Осы тақырып бойынша

Жаңа Қазақстан- жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. - Yvision.kz