Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Осы жиынға "AMANAT" партиясының БҚО Бөкей ордасы ауданынының филиалының депутаты ретінде қатысты.

8 сәуірі күні ауылдық мәдениет үйінде Ұялы ауылының әкімі Е.Ермекқалив ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Осы жиынға "AMANAT" партиясының БҚО Бөкей ордасы ауданынының филиалының депутаты ретінде қатысты. Жиында

Жеке сектордың мал бағылымы, ауылдың тазалығы, грант алу, салық төлеу, алғашқы жұмыс орны жобасы, қысқа мерзімді оқулар, жастар практикасы туралы мәселелер қаралды. Ауыл тұрғындары осы мәселелер төңірегінде өз ойларын ортаға салып, ұсыныстары мен пікірлерін айтты.

#AMANAT #БҚОБөкейордасыауданымаслихаты

0
0
201

«2022 жыл—Балалар жылы» аясында «Әкімге 100 сұрақ»

Бүгін мектебімізде «2022 жыл—Балалар жылы» аясында «Әкімге 100 сұрақ» атты Мұратсай ауылдық округі әкімі, «Аманат» партиясы Мұратсай бастауыш ұйымының төрағасы Гильманов Мейрамбек Мүдірісұлымен кездесу кеші өтті. Кешіміздің мақсаты оқушыларға болашаққа бағдар беру, мамандық таңдауға көмектесу болды. Шараға 5-10 сынып оқушылары және ұстаздар қатысты. Сынып жетекшісі болған Қымбат Мусақызы Мейрамбек Мүдірісұлының оқушы кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, қызықты оқиғаларын баяндап берді. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптарын алды.

Кеш соңында мектеп директоры А.Нуралиев М.Гильмановқа рахмет айтып, мектеп ұжымы атынан алғыс хатын табыстады

0
0
255

Фракция отырысы өтті

Отырыстың күн тәртібінде "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты "AMANAT" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Сырым ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөнінде аудан әкімі Т.С.Төреғалиевтің баяндамасы, сонымен қатар "Қайтадан жасақталған партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы" және "AMANAT" партиясының Сырым аудандық маслихатындағы депутаттарының рейтингісі туралы" аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Т.М.Даргужиевтің хабарламасы тыңдалды. Партияның Сырым ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасы шеңберінде орындалған іс-шаралар айтылып, орындалмау қаупі бар жобалар талқыланды. Жалпы Жол картасындағы Сырым ауданы бойынша 2021-2025 жылдар аралыңында 92 көрсеткіш белгіленген. Осы көрсет…

0
0
204

"Мереке" бастауыш ұйымы мүшелерімен кездесті

Бүгін "Аманат" партиясының Тасқала аудандық филиалының атқарушы хатшысы Л. Жұбанышқалиева "Мереке" бастауыш ұйымы мүшелерімен кездесіп, партиямыздың кезектен тыс съезінде қабылданған өзгерістермен, партия ұйымындағы жаңалықтар туралы баяндады. Кездесу барысында партия мүшелері қоғамдағы әрқилы жағдайлар жөнінде пікір алмасып, өз ұсыныстарын жеткізді.

0
0
187

«AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы

Күн тәртібінде:1.«Ашық әкімдік» жұмысын бақылау (хабарлама ретінде);2.Сырым ауданының Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаны Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары, жеке консультативті көмек көрсету барысы туралы тыңдау.3.Жолаушылар тасымалдау мәселесі, такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау бойынша тиісті мекемелер тыңдалды. Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Медет Молдашұлы Мырзаш баяндама жасады. Сырым ауданында "Ашық әкімдік" жобасы аясында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған алаң 2021 жылдың наурыз айынан бастап қызмет көрсетіп келеді. Жоба аясында 2021 жылы 1239 тұрғын, а…

0
0
342

Қоғамдық қабылдау өтті

2022 жылдың сәуір айының 7 күні "AMANAT" партиясы Тасқала аудандық филиалымен бекітілген кестеге сай менің қабылдауыма тұрғын үй бойынша мәселесімен жүгінген Тасқала ауылының тұрғыны азамат А.Сундетовты қабылдадым. Азаматтың жоғарыда аталған сұрағы бойынша туындағын мәселесін тындап, қолданыстағы Заң аясында құқықтарын түсіндірдім.

0
0
216

Көмек көрсету шаралары

"AMANAT" партиясының жұмысын жақсарту бойынша қойылған міндеттердің бірі - бастауыш партия ұйымдарымен қарым-қатынастарды нығайту, бастауыш партия ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындардың ұсыныс-ескертпелердің, жергілікті өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасау. Осы мақсатта "AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуаналиев бекітілген кестеге сай көктемгі тасқын судан зардап шеккен Талов, Жақсыбай және Борсы ауылдарында болып, жергілікті атқарушы билік және бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен бірге қалыптасқан ахуалмен және табиғи апат салдарын жою бойынша атқарылып жатырған жұмыстардың барысымен танысты. Қазіргі кезде бұл ауылдарда ахуал бірқалыпты. Зардап шеккен тұрғындарға азық-түлікпен, киім-кешекпен және өзге де қажетті заттармен демеу көмек ұйымдас…

0
0
224

Көмек көрсету шаралары жалғасуда.

Көктемгі тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге көмек көрсету шаралары жалғасуда. Осы орайда, "AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаевтың бастамасымен «Біздің күшіміз-бірлікте» ұранымен көмек көрсету шаралары қолға алынып, соның нәтижесінде облыс орталығынан ауданымызға облыстық мекеме, ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілер және өзге де жанашыр азаматтардың көмегімен жинақталған азық-түлік пен қажетті тауарлар тиелген жүк көлігі жөнелтілді. Облыс тұрғындары ауданымызда орын алған апаттық жағдайға бей-жай қарамай, жанашырлық танытып келеді. Жақсыбай ауылына жөнелтілетін бұл тауарлар зардап шеккендерге таратылып беріледі. Алайда, ауылмен қатынайтын жолдың нашар болуына байланысты аудан орталығына келген жәрдем тауарлары жергілікті атқарушы биліктің…

0
0
270