Көмек көрсету шаралары
"AMANAT" партиясының жұмысын жақсарту бойынша қойылған міндеттердің бірі - бастауыш партия ұйымдарымен қарым-қатынастарды нығайту, бастауыш партия ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындардың ұсыныс-ескертпелердің, жергілікті өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасау. Осы мақсатта "AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуаналиев бекітілген кестеге сай көктемгі тасқын судан зардап шеккен Талов, Жақсыбай және Борсы ауылдарында болып, жергілікті атқарушы билік және бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен бірге қалыптасқан ахуалмен және табиғи апат салдарын жою бойынша атқарылып жатырған жұмыстардың барысымен танысты. Қазіргі кезде бұл ауылдарда ахуал бірқалыпты. Зардап шеккен тұрғындарға азық-түлікпен, киім-кешекпен және өзге де қажетті заттармен демеу көмек ұйымдастырылған. Бұдан басқа, қолданыстағы заңнама шеңберінде зардап шеккендерге өзге де көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылатын болады.

