«AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы
Күн тәртібінде:
1.«Ашық әкімдік» жұмысын бақылау (хабарлама ретінде);
2.Сырым ауданының Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаны Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары, жеке консультативті көмек көрсету барысы туралы тыңдау.
3.Жолаушылар тасымалдау мәселесі, такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау бойынша тиісті мекемелер тыңдалды.
Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Медет Молдашұлы Мырзаш баяндама жасады. Сырым ауданында "Ашық әкімдік" жобасы аясында мемлекеттік қызметтерді алуға арналған алаң 2021 жылдың наурыз айынан бастап қызмет көрсетіп келеді. Жоба аясында 2021 жылы 1239 тұрғын, ағымдағы жылы 92 тұрғын мамандардың қызметіне жүгінді. Тұрғындар негізінен жылжымайтын мүлік туралы форма №1 анықтамасы, Электрондық цифрлық қолтаңба, зейнетақы туралы анықтама алу қызметтеріне жүгінеді. Екінші мәселе бойынша Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаның Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары, жеке консультативті көмек көрсету барысында 2021 жылда 18 іс-шара, 24 жеке қабылдау ұйымдастырылды. Оның ішінде "Заңгерлік көмек" партиялық жобасы, "Адал көмек" акциясы аясында консультативтік көмектер көрсетілді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Тимур Саламатұлы Айткалиев баяндама жасады. Сырым ауданы бойынша такси қызметін іске асыратын Жымпиты-Орал, Орал-Жымпиты бағыттары бойынша такси тасымалына тіркелген тасымалдаушы ретінде жолаушылар және багаж тасымалдауға рұқсат қағазы бар жеке кәсіпкер "Тахамбетов Б.И" (Сырым такси мекемесі) айналысуда. Аталмыш мекемеде 30-ға жуық такси тіркелген. Диспетчерлік қызметі бар. Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.11.2021 № 240 "Батыс Қазақстан облысы бойынша такси тұрақтарын ұйымдастыру және жабдықтау туралы" қаулысының күші жойылған болатын және тиісті шаралар қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.03.2022-ғы № 39 қаулысы шықты.
Қазіргі таңда Жымпиты-Орал бағытына жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен ауданаралық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету үшін, БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан хабарландыру жарияланды. Аталмыш мәселе бойынша Сырым аудандық Полиция бөлімі тарапынан қазіргі уақытта Орал-Жымпиты тас жолымен заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысатын автокөлік жүргізушілерімен жеке сөйлесіліп, жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысу үшін хабарлама жіберіп тіркелі міндетті екенін және шетелдік көліктермен жолаушы тасымалдау заңмен тиым салынғаны жөнінде 9 тұлғаға ескертпе қағазы берілді.Сонымен қатар 2022 жылы 2 автокөлік жүргізушісіне рұқсатсыз, хабарлама жібермей жолаушыларды тасымалдау қызметімен айналысқаны үшін ҚР ӘҚБтК 463 бабы бойынша жаупкершілікке тартылып, бұл бағытта әкімішілік құқықбұзушылықтарды анықтап жаупкершілікке тарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Партиялық бақылау комиссиясы мәжілісінің қорытындысы бойынша, айтылған ұсыныстарымен қаулы қабылданады және тиісті мекемелерге ресми хатпен жолданатын болады.


