Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«2022 жыл—Балалар жылы» аясында «Әкімге 100 сұрақ»

Бүгін мектебімізде «2022 жыл—Балалар жылы» аясында «Әкімге 100 сұрақ» атты Мұратсай ауылдық округі әкімі, «Аманат» партиясы Мұратсай бастауыш ұйымының төрағасы Гильманов Мейрамбек Мүдірісұлымен кездесу кеші өтті. Кешіміздің мақсаты оқушыларға болашаққа бағдар беру, мамандық таңдауға көмектесу болды. Шараға 5-10 сынып оқушылары және ұстаздар қатысты. Сынып жетекшісі болған Қымбат Мусақызы Мейрамбек Мүдірісұлының оқушы кезіндегі естеліктерімен бөлісіп, қызықты оқиғаларын баяндап берді. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптарын алды.

Кеш соңында мектеп директоры А.Нуралиев М.Гильмановқа рахмет айтып, мектеп ұжымы атынан алғыс хатын табыстады

0
0
248

Осы тақырып бойынша