Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

В новом сезоне за новыми советами телеканал запускает программу «Бірге таңдаймыз»!

Домашние хлопоты знакомы каждой хозяйке, нужно одновременно воспитывать детей, самостоятельно выбрать мебель, обои для дома, починить или забить гвоздь в стенке. При всем при этом всегда хочется остаться красивой женщиной, мамой и женой. С 21 сентября на телеканале «Казахстан» стартует новый тележурнал о полезных советах на каждый день «Бірге таңдаймыз». В программе наша обаятельная ведущая и эксперты покажут и расскажут, как хорошо выглядеть, как выстраивать семейные отношения, избегая конфликтов и при этом радоваться каждому дню. Для любителей вкусно поесть, эксперты расскажут, как приготовить оригинальные блюда, а для модниц поведают о самых последних тенденциях в мире моды. Также в данном тележурнале будут открывать советы, как изменить свою жизнь к лучшему, как в отношениях, так и в…

0
0
280

«Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне жаңа маусымда жаңа кеңестер алу үшін «Бірге таңдаймыз» атты бағдарламасын ұсынады!

21-қыркүйекте «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Бірге таңдаймыз» атты жаңа танымдық тележурналдың тұсауы», - деп хабарлайды «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз-қызметі. Жаңа жоба әрбір көрермен өзіне керегін ала-алатын көңілді, жеңіл әрі танымды тележурнал болмақ. Бағдарламада асүйдегі шеберлік пен тағамдарды таңдаудан бастап, көлік жөндеу, мерекелер ұйымдастыру, жихаз таңдау және жөндеу, үйдегі абаттандыру жұмыстары, сантехниканың қыр-сыры, аналарға кеңес, бет және дене күтімі, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас, жасөспірім баланың тәрбиесі секілді барлық отбасы мүшелеріне арналған пайдалы кеңестер ұсынады. Бір сөзбен айтар болсақ, аталған тележурнал ең көкейкесті тақырыптарды көтере келе, өмірдің әрбір кезеңдеріне пайдалы кеңестер береді, тұрмыста және әртүрлі жағд…

0
0
456

Тері күтімі туралы кеңестер

Бет терісін қалай күтуге болады? Бүгін 15:00-де «Әйел бақытында» мамандар кеңесіне құлақ түріңіз.

Ай жүзді, ажарлы, көрікті   –  әйел адамның сұлулығына айтылар теңеулер сансыз.  Ал, бірінші көзге түсетіні – адамның бет-әлпеті. Сондықтан, тері күтіміне аса назар аудару қажет.

Безеу, қара дақтар, басқа да мәселелердің басты себебі неде және оларды қалай шешуге болады? Бойжеткен қыздарға да, 50-60-ты еңсерген апаларға да маңызды тақырып бүгін 15:00-де «Әйел бақытында».

1
0
766

Тәндегі жасанды таңба

Ал, сіз білесіз бе? 6 мың жыл бұрын пайда болған денеге шұра салу ру-тайпалардың белгісі саналған. Сондай-ақ, ежелгі адамдар аңдарды қорқыту үшін арнайы боянып алатын болған. Сенесіздер ме, ХVІІІ ғасырға дейін Еуропада татуировкаға тыйым салынып келіпті. Египетте, Қытайда, Жапонияда, Мексика мен Никарагуада масқаралау үшін таңбалаған. Қазақта «сүйекке таңба болып басылды», «жүзі қара» деген қарғыс сөздер қаратпаға айналып бара жатқаны өкінішті. Арнайы белгілерді малға ғана енгізген апаларымыздың өзі бүгінде қастарын сыздырып алған. Қолжетімді болғаны соншалық, екінің бірінде жасанды кірпік, жасанды қас. Таңба түскен тәнін көрсетіп жүру үшін жеңіл киінуге әуес болып барады. Қала берді құлағы, мұрны, кіндігі, тіпті тіліне пирсинг жасатып алатындарды көріп, жаға ұстамайтын болдық. Көтерілген…

2
0
1738

Римма Тәжібаева: Шетелдіктер қазақи атауға қызығады

«Халық Маркасы» жобасының жетекшісі бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. 2015 жылдың басында Елбасының бастамасымен Республика бойынша «Қазақстанда жасалған» акциясы жарияланды. Бүгінгі таңда акцияны қолдау мақсатында «Халық маркасы» жалпы ұлттық конкурсы ұйымдастырылуда. Конкурстың марапаттау рәсімі қараша айының 16-да Италияның Милан қаласындағы ЕХРО-2015 көрмесінде, ҚР павильонында жарияланады. Осы орайда «Халық маркасы» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева «Таңшолпанда» қонақта болып, соңғы жаңалықтарымен бөлісті. «Халық маркасы» жобасы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 15 шілдеден бастап жарияланды. Еліміздің барлық өңірінен тауар өндірушілер шақырылды. Бұл кезең 9 қыркүйек күні аяқталды. Бір қуанарлығы – өзіміз 50-60-тай бренд жинаймыз деп күткен едік. Алайда, жобаға қатысуға 100-ден а…

0
0
280

Бөтелкедегі суды сатып аларда нені ескеру керек?

Құтыдағы белгілердің анықтамаларын «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Бөтелкедегі суды сатып алар кезде нені ескеру керек екенін білесіз бе? Түбі бүгін болса болғаны деп жүре беруге болмайды. Денсаулықты қорғау үшін бұл жеткіліксіз.

Пластикалық бөтелкелердің жапсырмасында ыдыстың қандай материалдан жасалғаны туралы жазба болады. Бұл ақпарат өте маңызды. Себебі, кез келген пластиктен әр түрлі дәрежеде қауіпті химикаттар бөлінеді.

Жалпы, PS және арнайы белгілері жоқ пластмасса пластиктің ең зиянды түрі саналады. Пластикалық затты сатып аларға осыған мән беріңіз.

Ал, құтыдағы белгілердің анықтамаларын «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

0
0
251

«Бүгін – жексенбі» жаңа маусымда

«Бүгін – жексенбі» таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасы жаңа маусымда жақсы жаңалықтармен көрерменге жол тартпақ. Әр жексенбі сайын 09:30 – 11:00 аралығында тікелей эфирге шығатын бағдарламамыздың форматына да, бағытына да өзгерістер енгізілді. «Кино әлемі», «Тұсаукесер», «Біздің фэшн», «Хай-тек», «Wi-Fi», «Skype-Көпір», «Тәтті минуттар», «Where are you?» , «Эксперимент», «Қазақстанда жасалған» сынды 12 айдарда бір аптада болған қызық, ерекше, айтулы оқиғалар қамтылады. Сондай-ақ, еліміздің намысын қорғап жүрген жырақтағы өнер иелері мен спортшыларымыз да скайп арқылы тікелей эфирде байланысып, соңғы ақпараттарымен бөлісіп, жақындарына сәлем жолдайды. Жұлдыздардың ен жаңа туындылары «Бүгін – жексенбінің» «Тұсаукесер» айдарынан көрсетіліп, тұсауы кесіледі. Аптаның ең қызық оқиғалары мен…

0
0
893

Шетелдегі оқудың шикіліктері

Бүгін бұл мәселе «Әйел бақытында» талқыға салынбақ.

Шетелде оқимын деп өміріне қатер төндірген жастар қаншама?! Елден жырақта жүргенде қауіпсіздігіне аса мән бермейтіндер жаңа таныстарына, достарына алданып, темір тордан бірақ шыққандар да жоқ емес.

Біздің жастар шетелде оқуға неге құмар? Олар  шетелді неге еркіндік деп санайды? Ойнап жүріп, от басатындарға көбіне  не түрткі болады? Мұндай жағдайдың алдын алуға бола ма? Бүгін 15:00-де «Әйел бақытынан» көріңіз.

1
0
225

Велоспорттан UCI рейтингінде Қазақстан Ұлттық құрамасы – 30, «Астана» командасы – 6, Фабио Ару — 5-орында

Халықаралық велоспорт одағы Испанияда аяқталған «Вуэльта» көпкүндігінен соң велеошабандоздар, командалар мен Ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады. «Астана» командасы сапынан үздік нәтиже Фабио Аруға тиесілі. Ол Әлем рейтингінде алтыншы орында. Ару кеше ғана аяқталған «Вуэльта» көпкүндігінің жеңіміпазы атанғанын айта кетейік. «Астана» клубы командалық есепте алтыншы орында болса, Қазақстан Ұлттық құрамасы 30-орында келеді. Велоспортшылар рейтингі: 1. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») — 615 ұпай 2. Хоаким Родригес (Испания, «Катюша») — 474 3. Наиро Кинтана (Колумбия, «Movistar») — 457 5. Фабио Ару (Италия, «Астана») — 448 31. Микель Ланда (Испания, «Астана») — 164 36. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 138 43. Ларс Боом (Нидерланд, «Астана») — 102 62. Якоб Фульсанг (Дания, «Аст…

0
0
338

Зарина Диас WTA рейтингінде 43-орынға түсті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде 8 саты төмендеп, 43-орынға түсіп қалды.

Қазір Зарина 1265 ұпаймен 43-орында тұр. Юлия Путинцева 765 ұпаймен 75-сатыға көтерілді. Ал, Ярослава Шведова 87-орыннан 88-сатыға төмендеді. Оның ұпайы – 677.

Енді Зарина Диас 14-20 қыркүйекте өтетін Токио турниріне қатысады. Ол алғашқы айналымында нидерландылық Кики Бертенспен күш сынасады. К.Бертенс әлемдік сатыда 110-орында. Токио турнирінің жүлде қоры - 226750 АҚШ доллары.

0
0
183