Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Сочи» командасын 3:2 есебімен ұтты

Аса тартысты әрі қызықты жағдайда өткен кездесуде Ерлан Сағымбаев шәкірттері жеңіске жетті.

Елордалық клубтың қақпасына соғылған алғашқы шайбаның авторы – Никита Щитов атанса, Евгений Скачков есепті еселеді. Осыдан кейін шауыблды күшейткен айдын иелері көздегеніне жетті. Бұл сәтте мергендігімен танылған Никита Михайлис.

Көп ұзамай Кевинн Далмэн есепті теңестірсе, Найджел Доус ойының соңғы минутында жеңіс голын салды. «Барыс» ойыншылары келесі кездесуін 16 қыркүйекте «Салават Юлаевқа» қарсы өткізеді.

0
0
240

Әміреновтер әулеті: Конкурсқа қатысқан отбасылардың барлығы өнегелі

«Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жүлдегерлері Әміреновтер әулеті бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Біз кеншілер әулетіміз. Екі қызым, екі ұлым, екі күйеубалам және өзім кенші болып, қызмет етеміз. Ең алғаш отбасымызға ұсыныс түскенде, қатты қуандық. Алдымен, қалалық байқаудан топ жарып, республикалық жарысқа шықтық. «Мерейлі отбасы» – Елбасының жолға қойған үздік жобасы. Соңымыздан ерген ұрпаққа өнеге. Конкурсқа қатысқан отбасылардың барлығы өнегелі»,-дейді Ришат Бабайұлы. «Байқауға қуана-қуана қатыстық. Жиырма жылдан аса өзімді балаларыма арнап, олар қайда болса, мен сонда жүріп, тек бала тәрбиесімен ғана айналысып келемін»,-дейді әулеттің отанасы Қарашаш Үкібайқызы. Өлең жазатын өнері бар Қарашаш Үкібайқызы таңғы бағдарламада конкурсқа арнап жазған әулетін таныстыру өлеңін оқ…

0
0
529

Ислам Қабышұлы: Өмірімнің 53 жылын түркітектес халықтардың тарихына арнадым

Моңғол мемлекетінің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ислам Қабышұлы бүгін таңғы бағдарламада қонақта. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арнайы келген ғалым: «Мерейлі мерекені біз Моңғолияда Қазақ елінің тарихшылары, Моңғолияның, Қытайдың, дүниежүзіндегі түркітектес халықтардың ірі мамандары бірігіп, осыдан екі ай бұрын белгілеген едік. Біз түбі бір түркі тектес халықпыз. Тарих ғылымына мен тек қазақ немесе моңғол тарихы тұрғысынан ғана қарамадым. Түркітектес, түркітілдес 28 ұлт пен ұлыстың, жеті тәуелсіз республиканың 2200 жылдық тарихын екшеп, «Тұран әлемі» деген кітап жазып, мемлекеттік сыйлық алған едім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ елінің, әлемнің алдында айтқан сөзі тұтас түркі елдерінің бойтұмары ретінде сақталады»,-дейд…

0
0
683

Бұлан – Қазақстанды мекендейтін тұяқты жануарлардың ең ірісі

Олар еліміздің шекаралас аумақтарында, Жайық өзені аңғарында, солтүстік орманында, Ертіс бойы мен Алтай тоғайында кездеседі. Бұлан – Қазақстанды мекендейтін тұяқты жануарлардың ең ірісі. Тұрқы – 2 метрге, салмағы – 600 келіге дейін жетеді. Түсі көбіне қоңырқай болады. Еліміздің шекаралас аумақтарында, Жайық өзені аңғарында, солтүстік орманында, Ертіс бойы мен Алтай тоғайында кездеседі. Аталығының аспанға қарай тарамдалып тұратын жуан мүйізі бар. Жазда шөппен, қыста бұтақпен, ағаш қабығымен қоректенеді. Халықаралық Қызыл кітапқа енгенімен, нақты саны белгісіз. «Әр маусым кезінде санақ жұмыстарын жүргізіп, көктемде, қыста қандай болатынын айту керек. Бұл – белгілі бір ғылыми жұмыстарды, санақ жұмыстарын жүргізуді талап ететін сала. Бір айтатыным – бұландардың саны аса көп емес. Себебі, бұры…

0
0
5195

Түбіртекті талап ет – сыйлық ұтып ал!

Акция тұтынушылардың құқығын қорғау және сауда орындарының қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Оған өңіріміздің әр тұрғыны қатыса алады. Ол үшін белгілі бір тауар сатып алып, сатушыдан чек талап ету қажет. Сол түбіртектер арқылы ұялы телефон, тұрмыстық техника ұтып, республикалық деңгейдегі ұтыс ойынының жолдамасын иелену мүмкіндігі берілді. Облыс бойынша барлығы 2500 купон жиналды. Ұтыс ойынына қатысушылар арасындағы белсенділік облыс орталығы, Рудный және Лисаков қалалары арасында жоғары. Ұйымдастырушылардың айтуынша, чекті талап етуге әркімнің құқығы бар. Ал егер оны алмасаңыз, тауарыңыз жарамсыз болып шықса, заңды түрде ақшаңызды қайтара алмайсыз. Сыйлықтар смартфон мен ас үй техникасын Жітіқара мен Лисаков қаласының тұрғындары иемденді. Ал Науырзым аудынының…

0
0
257

100 нақты қадам: Ел ертеңі – білімді ұрпақ!

Бүтін елді қамтыған бұл бастама біздің өңірде де қызу жүзеге асырылуда. Жергілікті партия өкілдері де өңір өрендерін ортаға алып, оларға орасан зор көмек көрсетуде. Келешегін кемелдендіруге күш салуда. Түсініктірек айтсақ, тәлім алушылардың түлек атанғанған соң жоғарғы оқу орнына түсуіне жағдай жасауда. Ата-ана қамқорлығына зәру жеткіншектерге жеке шот ашып, қалаған мамандығын оқуға қажетті қаражат жинауда. Жоба аясында жергілікті партия өкілдері жетім әрі ата-ана қамқорлығынан ада деп есептелетін 5 жеткіншекке жәрдем көрсетті. Оларға алғашқы салымы бар сертификат табыс етті. Бүгінгі балғын, ертеңгі студенттің өмірін өзгертуге өзімнің үлесімді қосам деушілер енді шәкірттер шотына ақша аударып тұрмақ. Бұл қоғамдық шарадан Қостанай ауданы да қалыс қалып жатқан жоқ. Үлгілі үрдіс аясында зато…

0
0
446

Флойд Мейвезер бокспен қош айтысты

Әйгілі американдық боксшы Флойд Мейвезер өзінің Андре Бертомен болған кездесуі оның кәсіби бокстағы соңғы жарысы екендігін растады.

«Менің бокстағы жолым осымен бітті. Қашан және қандай жағдайда тоқтау қажеттігін әркім білуі керек. Қазір менің осындай шешім қабылдайтын уақытым келіп тұр. Мен бокспен 19 жыл бірге болдым, оның 18 жылында чемпион болдым.

Менің денсаулық жағдайым жақсы, қаржылық жағдайым да қиын деп айта алмаймын. Менің тарихтағы орныма келетін болсақ, ол туралы ештеңе айтқым келмейді. Оған бокс жанкүйерлері баға бере жатар. Алайда, мен өзімнің рекордымды кімнің жаңартатынын ерекше қызығушылықпен бақылайтын боламын»,-дейді бокс жұлдызы ESPN басылымына берген сұхбатында.

0
0
220

Бүгін — Отбасы күні

Бүгін - Отбасы күні. Аталған мереке елімізде 2013 жылдан бері аталып өтіледі.

Бұл күнді мерекелеу - отбасылық құндылықтарды нығайтуға негізделген.

Отбасы күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығына сәйкес, қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні деп бекітілген.

1
0
934

«Монстрлар университеті» мультфильмін көріңіз

Режиссер Дэн Скэнлонның «Монстрлар университеті» мультфильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:40-та көре аласыздар.

Майк пен Салли — Монстрополистегі ең шыңдалған қорқытушылар, бірақ, әрдайым бұлай болмаған еді. Алғаш кездескенде бұл екі монстр бірін-бірі жек көретін.

«Монстрлар университеті» алғаш танысқаннан-ақ, бір-біріне қырын қарап басталған таныстықтың соңы  мызғымас достыққа ұласқан аралықты баяндайды.

Режиссер Дэн Скэнлонның  «Монстрлар университеті» мультфильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:40-та көре аласыздар.

0
0
1545

Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

Елбасы Жарлығымен Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Д.Н. Назарбаеваны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының  Президенті                         Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы  11 қыркүйек                      №  90

ҚазАқпарат

0
0
678