Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Facebook пен WhatsApp-та дәрі-дәрмектен жаппай улану туралы тараған ақпарат жалған болып шықты

Facebook пен WhatsApp-та дәрі-дәрмек қабылдаған адамдар аллергиялық реакциядан қайтыс болғаны жөніндегі ақпараттар жалған болып шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі xабарлады."Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрі-дәрмектердің салдарларын тексеру бойынша жұмысты әрдайым қадағалап отырады. 2015 жылдың 25 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, дәрі препараттарынан (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол мен санасол) аллергиялық реакция туғызып, бала өліміне алып келген бірде бір оқиға тіркелмеді", - делінген xабарламада. Еске сала кетейік, ең алғашқы осындай жалған ақпараттар ақпан айында WhatsApp арқылы тараған еді. Осыған байланысты министрлік І…

0
0
253

«Қош бол, Гүлсары!» фильмін көріңіз

Режиссер Ардақ Әмірқұловтың туындысын бүгін 00:20-да тамашалай аласыздар.

Фильм Шыңғыс Айтматов повесінің желісі бойынша түсірілген. Оқиғасы кеңестік Қазақстанның 50-ші жылдарын қамтитын фильмде колхозшы-коммунист Танабай мен оның Гүлсары атты сәйгүлігінің ғұмыры баяндалады.

Фильмде бас кейіпкер Танабайды қырғыз актері Доғдырбек Қыдырәлиев сомдаған. Гүлсары Тараз жылқы зауытынан алынған Гарпун атты сәйгүлік.

Режиссер Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары!» фильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 00:20-да тамашалай аласыздар.

0
0
1322

«Балапан» телеарнасының 5 жылдық мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама басталды

Шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Туған күніңмен, «Балапан!» атты концертпен жалғасады.

Астанадағы «Қазмедиа» орталығының 1 қабатында «Балапан» телеарнасының  5 жылдық мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама басталды.

Шара барысында ойын-сауықтық бағдарлама, «Балапанның» ертегі әлемі» атты көрме, түрлі ойындар,  қызықты қойылымдар ұйымдастырылады.

Мерекелік кеш эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Туған күніңмен, «Балапан!» атты  концертпен жалғасады.

0
0
729

«Астана» — «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды

Чемпиондар Лигасы аясында өтетін «Астана» - «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды. Айта кетейік, бес күннен кейін болатын ойынның билеттері онлайн режимде сатылуда. Матч жақындаған сайын кассаларда билет қалмауы мүмкін. Себебі әр минут сайын 6-7 билет сатылуда, деп хабарлайды «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының баспасөз қызметі. Сонымен қатар, испаниялық «Атлетико» мен португалиялық «Бенфикамен» болатын ойындарға да билеттер алуға болады. Инернет-кассаны пайдаланып, жанкүйерлер QR-коды бар арнайы электронды билет алады. Оны кейін елорданың үш жерінде орналасқан бекетте («Мега» орталығы, «Қазақстан» спорт кешені, «Конгресс-холл») қағазға шығарып алуға болады. Ойын 30 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 22:00-де өтеді. Осыған қоса, жанкүйерлер үшін «Астана-Арена» ст…

0
0
203

Салмақ қоса алмай жүрсіз бе?

Бір адамға арықтау арман болса, енді біріне нағыз трагедияның өзі. Тым жүдеу жанның келбеті ұсқынсыз көрінеді. «Арықсың, толмайсың ба?» деген сұрақ, ол үшін жанына бататын ауыр сөздердің қатарында. Томпақ болғандағы суреттерін қарап, «неге қазір арықпын?» деп өзін-өзі жеп қояды-ау. Диетолог Зарина Керуеновадан мән-жайды анықтап білген едік. Себептері: * Салмағы аз адамның қан қысымы төмендеп, гемоглобин мөлшері де аз болады. Ағзаға темір жетіспей, анемияға шалдығып жатады. * Қалқан безі артығымен қызмет атқарса, бөліп шығаратын гармон мөлшері тым көп болады. Метоболизм жылдам болғандықтан, адам салмақ қоса алмайды. * Көп жағдайда әлдебір дәруменнің жетіспеушілігінен осындай жағдайға тап келеді. Ағзаңыз шаршағыш болып, депрессияға тез берілгіш келесіз. * Орта жасқа келгенде өздігінен салма…

2
0
29494

Ертең қасиетті Құрбан айт басталады

Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылманға құрбан шалу - міндет. Ертең күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт басталады. Құрбан араб сөзі. Мағынасы «жақындау» дегенді білдіреді. Бұл - лайықты, ізгі іс жасау арқылы Жаратқанға жақындау. Ал, құрбан шалудың шариғаттағы анықтамасы - Құдайға құлшылық ниетпен, ереже шарттарын ескере отырып, мал шалу. Балиғат жасына толған, ақыл-есі түзу, зекет беретін мал-мүлік мөлшеріне ие, жолаушы емес әрбір мұсылманға құрбан шалу - міндет. Құрбандыққа бір жасар қой, ешкі, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, құлақсыз шұнақ, мүйізі сынған болмауы керек. Сойылған малдың еті жақын-жуықтарға, мұқтаж жандарға таратылады. Бұл күндері көпшілік бір-бірінің үйіне б…

0
0
370

Құрманың денсаулыққа пайдасы туралы не білесіз?

Дәруменді жеміс артериялық қан қысымын реттейді.

Сан түрлі дертке шипа құрма жемісі дастарханға көбінесе Рамазан айында қойылады. Ғалымдар дәруменге бай бұл жемісті жиі тұтынуға кеңес береді.

Құрманың құрамында калий, магний, кальций, темір көп. Сондықтан, қан аздық, күйзеліс, өкпе қабынуына таптырмас ем.

Дәруменді жеміс артериялық қан қысымын реттейді. Оның құрамындағы микроэлементтер мерзімдік авитаминозға көмектеседі. Тек, мөлшерден тыс пайдаланбау қажет.

Құрманың тағы қандай қасиеттері бар? Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.

0
0
914

Жанар Сағат: «Жібек жолы» автошеруінің Қазақ елі арқылы өтетінін білгенде көмектессем деген ұсынысымды білдірдім

«Жібек жолы» автошеруін ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры Фу Цзянь және автошеру режиссері Жанар Сағат - «Таңшолпанда» қонақта.

«Жібек жолы» автошеруі Қытайдың Шанхай қаласынан шықты. 2017 жылы «EXPO-2017» көрмесі өтетін Астана қаласының үстінен өтіп, қазіргі уақытта көрме өтіп жатқан Италияның Милан қаласына барады. Мақсат - осы үш қаланы біріктіру», дейді автошеруді ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры Фу Цзянь.

«EXPO-2017» көрмесі - барлық қазақ үшін үлкен мақтаныш. Қайда жүрсек те, біз осы үлкен істе күш біріктіріп, атсалысуымыз керек. Шерудің Қазақ елі арқылы арқылы өтетінін білгенде, көмектессем деген ұсынысымды білдірдім», дейді автошеру режиссері Жанар Сағат.

Керуеннің халықаралық ынтымақтастықты арттырудағы  рөлі қандай? «Таңшолпаннан» біліңіз.

0
0
561

«Намыс дода»: біздің құрама бағындыратын жаңа белестер

2 қазан күні «Қазақстан» телеарнасының эфирінде танымал «Намыс дода» ойынының жаңа маусымы басталады. Осы жылы жоба ережелері өзгерді. Енді қатысушылар әрбір ойынға және әрбір сайысқа қатысуға міндетті. Бұдан бұрын «Чемпион қабырғасы» ойыны ұпай санын түгендеу кезінде шешуші, әрі маңызды кезең болатын. Ал осы маусымда ұпай саны әр ойын аяқталғаннан кейін есептеліп, ең соңында барлық кезеңдер бойынша жалпы ұпай саны шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, «Намыс дода» ойынының түсірілімдері алғаш рет Хайнань аралығында орналасқан қытайдың Хайкоу қаласында өткізілді. Қазақстан құрамасының қарсыластары Қытай, Венгрия, Франция және Алжир. Бұл ретте, 2007 жылы өткізілген турнирде Қазақстан төртінші орынды, 2008 жылы жүлделі екінші орынды иеленсе, ал 2012 жылы жеңімпаз атанып, бас жүлдені ұтып ал…

0
0
498

Ақын Ажар Ерболған «Таңшолпанда» шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті

«Туған жер» атты өлеңін өзінің оқуында тыңдай аласыздар. Ақын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты Ажар Ерболған - «Таңшолпан» студиясында қонақта. Бүгін, елордадағы Тілеп Қобыз сарайында 22 қыркүйек - Тілдер күні және Қазақ хандығының 550 жылдығынаарналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді. Мүшәйраға 40-қа жуық үміткерден өлеңдер келіп түскен. 10 үміткер іріктеудің екінші кезеңіне өтті. Осы 10 ақынның өлеңдері арнайы жинаққа енгізілмек. Жеке шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліскен ақын балаларға арналған әндерге сөз жазып жүргенін жеткізді. Бұл туралы «Қазіргі уақытта балаларды қызықтыру өте қиын. Сондықтан, жазылған сөз тәрбиелік мәнінен бөлек, тілге жеңіл, жаттауға ыңғайлы болуы керек», дейді. Ақынның «Туған жер» атты өлеңін өзінің оқуында «Таңшолпанн…

0
0
533