Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Таңшолпанның» қонақтары — Әділбек Ниязымбетов және Олжас Сәттібаев

Спортшылар Доха қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.

«Таңшолпан» бағдарламасының қонақтары - бокстан Азия чемпиондары Әділбек Ниязымбетов және Олжас Сәттібаев.

Әділбек Ниязымбетов Таиландта өткен бокстан Азия чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесінде, Олжас Сәттібаев 52 келіде ел қоржынына алтын салды.

Спортшылар қазіргі уақытта 5-15 қазан аралығында Катар астанасы Доха қаласында өтетін Әлем чемпионатынадайындық үстінде.

«Бос уақыт көп бола бермейді. Азия чемпионатынан кейін 10-12 күн демалыс берілді. Қатты босаңсуға жол бермеу қажет.  Үнемі дайындықта, жарыстарда жүретіндіктен, демалысымызды отбасымызбен өткіземіз», дейді спортшылар.

Жанұядағы әкенің рөлі қандай болуы керек? Қазақ елі туралы шетелдік спортшылар қандай пікірде?

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.

0
0
273

Кит Тёрман: Г.Головкин кез-келген қарсыласқа айтарлықтай қауіп тудырады

Жартылай салмақтағы танымал боксшы Кит Терман Генадий Головкинге қатысты білдірген пікірінде осылай деді.

Бұл туралы Вконтакте әлеуметтік желісіндегі GGG парақшасында жазылған.

«Головкин кімге қарсы тұрады ? Мен әзірге олардың қайысы жеңімпаз болатынын біле алмай отырмын, өйткені бұл менің салмағым емес. Дегенмен, мен GGG үшін аса қатты уайымдап отырған жоқпын. Барлығы GGG-ді қолдауда. Ол әрине, өзінен айласын асыра алатын аз да болса дұрыс ойлап, дұрыс соққы бере алатын боксшыны кездестірмейінше, өзінің жеңіс жолындағы сапарын жалғастыра береді. Бірақ қалай боллғандада  GGG кімге болса да қауіп тудыра алатын спортшы»,-деді Кит.

Бұл туралы  бүгін www.sports.kz жазды.

0
0
209

Футзал. Қазақстан-Босния және Герцеговина құрамасы арасындағы матчты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Еуро-2016 іріктеу кезеңіндегі соңғы ойын 22 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді. Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 турнирінің финалдық кезеңінде ойнау үшін ертең Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтетін Босния және Герцеговина құрамасын қарсы ойында жеңіске жету керек. Жеңіске жетпеген күннің өзінде де, қарсылас құрамадан 5 доп айырмашылығымен жеңілмеу керек. Сонда ғана, футзалдан Ұлттық құрама тұңғыш рет Еуро турнирде ойнайды. Босния және Герцеговинада өткен алғашқы ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы 0:5 есебімен жеңіске жеткен. Дәурен Нұрғожин, Серік Жаманқұлов және Лео бір голдан салса, Дуглас дубль авторы атанған. Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Босния және Герцеговина арасындағы матч 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт кешенінде…

0
0
229

«Түнгі студияда» — Тәуекел Мүсілім

Актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілімнің сұхбатын бүгін 23:00-де көріңіз.

Тәуекел Мүсілімді қалың көпшілік  тележүргізуші ретінде таныды. Түрлі жарнамалар арқылы да жүзі таныс. Соңғы кездері актерлік қырынан көрініп жүрген оның әншілік те қыры бар.

Негізгі мамандығы актер де, әнші де, тележүргізуші де емес – машина жасау саласы бойынша инженер-механик. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды тәмамдаған.

Өзі бұл турасында: «Магистратураға түспес бұрын бір жылдай өз мамандығым бойынша жұмыс істедім. Әйткенмен, таңнан кешке дейін кеңседе отырып жасайтын жұмысты қаламадым»,-дейді.

Шоу-бизнестегі қадамын жарнамалар мен бейнеклиптерге түсуден бастаған Тәуекел Мүсілім бүгін 23:00-де«Түнгі студияда» қонақта.

0
0
503

Бүгін – «Келін» эфирге шығады

Қалың көпшіліктің жүрегін жаулап алған басты кейіпкерлердің шытырман оқиғалары қайта жалғасын таппақ.

Ұлттық арна көрермендерінің сұрауы бойынша, бүгін 22:00-де «Келін» телехикаясы эфирге қайта шығады.

«Келін» - керемет актерлік құрамы бар, әдемі киім үлгілерімен, қайталанбас шығыс колориті бар үнді кинематографиясындағы үздік туындылардың бірі.

Жаңа маусымда көрермендерді көгілдір экранда көптеген сезімдерге толы ғажап сәттер, құштарлық пен толқулар және шытырман оқиғалар күтіп тұр.

«Келін» телехиякасын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан дүйсенбі-жұма аралығында 22:00-де тамашалай аласыздар.

0
0
331

Заман талабына сай білім қандай болуы керек?

Бүгін 11:45-те «Серпіліс» хабарынан қайталауын көре аласыздар.

Бүгінгі жаһандану заманында мықты мемлекет болу үшін алдымен білімді болу шарт.  Біздің қоғамда жоғары біліммен қатар, орта біліммен де жұмыс істеп жүргендер баршылық. Осы орайда орта білім мен жоғары білімнің қайсысының  экономиканың дамуына әсері жоғары, деген заңды сауал туындайды.

Дамыған елдерде экономиканың даму деңгейінің көтерілуіне байланысты білім деңгейінің дамуы қатар жүреді.  Біздің қоғам бұл межеге қашан жетеді? Заман талабына сай білім қандай болуы керек?

Бүгін 11:45-те «Серпіліс» хабарынан қайталауын көре аласыздар.

0
0
549

Айбек Қалиев: Әрбір айтыстан кейін халықтың пікіріне құлақ түре жүремін

«Таңшолпан» бағдарламасының қонағы – айтыскер ақын Айбек Қалиев.

Алматыда қала күніне және Қазақ хандығының 550 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтуде.

«Заманға сай айтыс та дамып келе жатыр. Көптеген жас ақындар шықты. Олардың алымы да, қарымы да мықты. Сондықтан, айтыс жасарып келеді. Өнердің қай түрі болмасын, бірде өрлеу, бірде құлдырау, енді бірде кері шегіну болады. Бұл - қалыпты құбылыс.

Әрбір айтыстан кейін халықтың пікіріне құлақ түре жүремін. Орынды сын болса, әрине, қабылдаймын», дейді ақын.

Толығырақ «Таңшолпанда».

0
0
258

Бердібек Иса екі жылдық үзілістен соң спортқа қайта оралды

«Таңшолпаннан» көріңіздер. Панкратионнан Еуразия Кубогының жеңімпазы Бердібек Иса екі жылдық үзілістен соң спортқа қайта оралды. Оның спорттан уақытша қол үзуіне аяғынан алған жарақаты себеп болған. «Бұлай жарақат алғандар тіпті спортпен қоштасып жатады Қазір Бердібек тыңғылықты дайындық үстінде. Қабілеті ерекше. Кезінде сегіз, алты бұрышты рингтерде талай рет жеңіске жеткен. Осылайша, жаттығуын үзбейтін болса, оның биіктерді бағындыратынына сенімім мол», дейді бапкері Ағабек Ілиясұлы. Қазіргі кезде кәсіби панкратионнан жерлестеріміз әлемдік жарыстарда олжа салып жүр. Ардақ Назаров бастаған«Alem Fighters» клубы да талай жеңістерге жетті. Бүгінде жаттығуын үзбей, үлкен спортқа қайта оралған Бердібек «жекпе-жек клубтарынан шақырту түссе, қарсылығым жоқ», дегенді айтады. Толығырақ «Таңшолпан…

0
0
305

«Bala Turkvizyon» байқауының жеңімпазы Тұрсынхан Еркін — «Таңшолпанда» қонақта

Тұрсынхан Еркін Түркия елінде өтетін гранд-финалда Қазақстан атынан сынға түседі. «Таңшолпанның» қонақтары - «Bala Turkvizyon» халықаралық балалар ән байқауының жеңімпазы Тұрсынхан Еркін, әкесі Ержан Еркінұлы және тәлімгері Нұржан Керменбаев. Тұрсынхан Еркін енді желтоқсан айында түркітілдес елдер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылатын«BalaTurkvizyon» байқауында ел намысын қорғайды. «Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Балалар үшін маңызды жобалардың бірі. Тұрсынхан талантынан бөлек, өте байсалды бала. Енді алдағы екі айды Түркия елінде өтетін жарысқа дайындықпен өткіземіз», дейді тәлімгері Нұржан Керменбаев. 21 мемлекеттің өнерпаздары қатысатын гранд-финал 18 желтоқсанда Стамбул қаласында өтеді. Тұрсынхан алғаш сахнаға қай уақытта шықты? Әкесі ұлы топтан озып шыққанда қандай сезімде болды? То…

0
0
245

«Ұлы Дала дауысы». «Эстрадалық ән» және «Этноэстрадалық ән» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру жалғасуда

Үздік орындаушыларға http://daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс беруге болады. IV Халықаралық «Ұлы Дала дауысы» радиофестивалінің «Эстрадалық ән» және «Этноэстрадалық ән»аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру жалғасуда. Радиофестивальге қатысушыларға дауыс беру 24 қыркүйекте тоқтатылады. Ән додасында Төреғали Төреәлі, Серік Ибрагимов, Мәдина Сәдуақасова, «Жігіттер» квартеті, Айқын Төлепберген, «Melo'Men» тобы, Жазира Байырбекова, Ернар Айдар, «Rin'Go» тобы, Өмірқұл Айниязов, Ардақ Балажанова, Мөлдір Әуелбекова, Әлихан Дүйсенбай, Жаңабай Өтегенов, «Алашұлы» тобы және т.б өнер жұлдыздары бақ сынауда. Айта кетейік, интернет қолданушылар арасында көп дауыс жинаған үміткерлер 40 пайыздық дауысты иеленіп, жартылай финалға жолдама алады. Үздік орындаушыларға http://daladauysy.kaztrk.kz с…

0
0
702