Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Алматыда құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйден өрт шықты

18 наурыз күні сағат 13:58-де Алматы қаласындағы Алатау ауданында, Момышұлы көшесі, Универсиадная көшесінің бұрышында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің аумағында, 1-қабатта 15 ш.м.алаңда пластикалық құбырлардың жануы орын алды. Сағат 14:08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алматы қаласы ТЖД жеке құрамынан 13 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды. t.me/qr_tjm

0
0
347

Астанада қойманың 1000 шаршы метр аумағы отқа оранды

Сағат 07.20-да Астана қ.ТЖД бөлімшелері Байқоңыр ауданында орын алған өрт орнына шықты. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша 1000 ш.м. алдын ала алаңда отпен толық оранған бір қабатты қойма үй-жайы жанып жатқаны анықталды. Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске құрылды. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 15 техника жұмылдырылды.

0
0
283

Ресейде президент сайлауының соңғы нәтижелері шығып жатыр

Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы хаттамалардың 99,01%-ын реттеп шыққан.

Фото: TASS

Бұл – Мәскеу уақыты бойынша сағат 6:04-тегі жағдай.

Сөйтіп, президент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды. Владимир Путин – 87,33%, Николай Харитонов – 4,31%, Леонид Слуцкий – 3,19%, Владислав Даванков – 3,79%.

Айта кетейік, Ресейде президент сайлауы 15-17 наурыз аралығында үш күн бойы өтті.

0
0
257

Алаяқтық үшін күдікті болып, қашып жүрген қыз Түркияда ұсталды

Алаяқтық үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталды.

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдікті Түркияда ұсталып, елге жеткізілді. Әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында автокөліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған. Полиция алаяқтықтың 17 фактісін тергеп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
330

Алматы облысында алапат өрт болды

Алматы обысындағы Еңбекшіқазақ ауданыда қойма өртенді.

Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылында қойманың жануда. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жіберілді. Шақыру орнына келгеннен кейін көрші тұрғын үйге көшу қаупі бар майлықтар шығаратын цех пен қойманың жануы орын алғаны анықталды. Өрт сағат 11-01-де оқшауланды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жеке құрамнан 60-қа жуық адам және 20-ға жуық техника жұмылдыруда.

Видеоны мына жерден көруге болады.

t.me/qr_tjm

0
0
246

Абай облысында 4 адам жол апатынан құтқарылды

Абай облысында 4 адам құтқарылды.
Ағымдағы жылдың 16-17 наурызына қараған түні "Семеновка" ТМҚП-қа Бесқарағай ауданында Семей-Павлодар тас жолында көлік аударылып, зардап шеккен 4 адам көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Медицина қызметкерлері келгеннен кейін ақпарат расталды.
ТМҚП қызметкерлері зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, түрлі жарақаттармен Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

t.me/qr_tjm

0
0
282

Ресейдегі Каспий мұнай құбырына үлкен қауіп төніп тұр

Ресейдік Новороссийскісіндегі мұнай құбырына қауіп төніп тұр. Онда Қазақстан экспортының 80% үлесі бар.Каспий құбыры консорциумы – еліміздің батысындағы қара алтын кеніштері мен Қара теңіздегі Новороссийскі портын жалғастыратын басты желі. Ондағы Қазақстан үлесі 80% «Қазірдің өзінде ондаған ресейлік мұнай өңдеу зауыттары Украина қауіпсіздік қызметінің осындай «санитарлық» шабуылдарына ұшырады. Оның барысында олар осы кәсіпорындарды жою үшін немесе, ең болмағанда, айтарлықтай зиян келтіріп, барлығын істен шығару үшін олардың әлсіз жерлеріне соққы берді. Ұзақ уақыт бойы ресейліктердің алдында күрделі мұнай-газ проблемасы қалды. Мұнай доллары ағыны өтетін кран» Новороссийскідегі терминал. Менің ойымша, ол да жақын арада украиналық «санкцияларға» ұшырайды», - деді әскери сарапшы, нұсқаушы ұшқ…

0
0
372

Еуропарламент Ресейдегі сайлауға бақылаушыларын жібермей қойды

Еуропарламенттегілер бірде-бір депутатқа Ресейдегі және Украинаның жаулап алынған жерлеріндегі президент сайлауына қатысуға өкілдік бермегенін мәлімдеді.

Ресейде үшкүндік дауыс беру бүгін басталды. Бұл елдің тұрғындары алдағы алты жылға басшысын сайлауы керек.

Президенттікке 4 кандидат бар. Олар – қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин, «ЛДПР» партиясының, Мемлекеттік думада фракция жетекшісі Леонид Слуцкий, Мемлекеттік дума вице-спикері Владислав Даванков және төменгі палатадағы РФПК-дан депутат Николай Харитонов.

0
0
256

89 мың текше метрден астам су сорылды

ТЖМ және ЖАО күштерімен 89 мың текше метрден астам су сорылды, уақытша бөгендерге 2140-тан астам қап төселді. Жыл басынан бері 64,8 шақырым уақытша бөгендер және елді мекендердің айналасында 52,7 км астам біліктер салынды. 721 км жуық канал мен 2 296 км арық, автомобиль және темір жолдардың астындағы 15 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды.

t.me/qr_tjm

0
0
280

Төтеншеліктер өрт сөндіру барысынан экшн видео түсірді

Өрт сөндірушілер жеке үйлердегі өрттерді жойды.

Бүгін Қарағанды облысындағы Қарабас кентінде жеке үйде 100 шаршы метр алаңда өрт болуынын нәтижесінде, үйдің төбелері толық құлады. Алматы облысы Балғыбек Қыдырбекұлы ауданында жеке үйдің аумағында гаражда өрт болды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт жойылды. Екі жағдайда да құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Видое осында. t.me/qr_tjm

0
0
233