Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Жиде. Кешіккен махаббат» комедиясы

Жерар Депардье, Нұржұман Ықтымбаев, Болат Қалымбетов, Наталия Арынбасарова, Наталья Гвоздикова фильмде басты рөлдерді сомдайды.

Режиссер Сәбит Құрманбековтің бұл туындысы қарттардың бүгінгі күні туралы сыр шертеді.

Мейірімге толы лирикалық хикая қарттардың күнделікті өмірінің қайшылықтары мен шырғалаңдары, жаймашуақ қарым-қатынастары, қуанышты сәттері мен болашаққа деген өшпейтін үміт оты туралы баяндайды.

Жерар Депардье, Нұржұман Ықтымбаев, Болат Қалымбетов, Наталия Арынбасарова, Наталья Гвоздикова сынды майталмандар кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:50-де көре аласыздар.

0
0
853

Қоғабай Сәрсекеевтің «Жарқын бейнесі»

Бүгін 15:45-те Ұлттық арнадан көріңіз. Жазушы, публицист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қоғабай Сәрсекеев - 1939 жылы қазіргі Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Торғай ауылында дүниеге келген. Ол 1963 - 1967 жылдары «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде әдеби қызметкер, 1967 - 1982 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1983 - 1986 жылдары «Кітап жаршысы» («Друг читателя») газетінің редакторы болды, 1986-1990 жылдары «Жалын» баспасында бас редактор, республикалық «Қазақкітап» бірлестігінің бас редакторы, Кітап таратушылар республикалық қауымдастығының президенті қызметтерін атқарған. Повестер мен әңгімелерден тұратын «Кілт» (1967), «Қараша қаздар» (1974) деген жинақтары жарық көрді. «Қол мерген», «Кестелі орамал», «Ыбырай Алтынсар…

0
0
589

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын иеленді

Монте-Карлода жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен венесуэлалық Йонфрес Парехо арасындағы жекпе-жек аяқталды.

12 раундқа созылған кездесуде төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, WBA (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды.

Осылайша Жанат Жақиянов кәсіпқой рингтегі өзінің 26-шы жеңісіне (19-ы нокаут) қол жеткізді.

0
0
233

«Сөздің пірі – Сүйінбай». Халықаралық ақындар айтысы. 2-бөлім

Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған айтыстың 2-бөлімін бүгін сағат 13:10-да көріңіз.

Мұхтар Әуезов Сүйінбай Аронұлына «Айтыс өнерінің алтын діңгегі», деп бекер баға бермесе керек. Ел тағ­ды­рын толғап, шежіремізді шебер тіл­мен шер­тіп, тарих тереңіне бойлаған Сүйінбай ақынның шынында алтын діңгек екені ақиқат.

Осыдан біраз уақыт бұрын Талдықорғанда Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.

Айтысқа  арысы Қытай, Моңғолия мен Қырғыздан, берісі еліміздің әрбір өңірінен 20-ға жуық ақын қатысты.

Жыр додасының телевизиялық нұсқасының 2-бөлімін  бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:10-да тамашалай аласыздар.

0
0
2177

«Айгөлектің» концертін көріңіз

Бүгін сағат 12:05-те Ұлттық арнада.

Балалардың музыкалық мәдениетін дамытуға арналған «Айгөлек» концерттік жобасының өтіп келе жатқанына біраз болды. Талай бүлдіршіннің жұлдызының жануына мүмкіндік берген жобаға қызығушылар да көп.

Байқаудың мақсаты - балалардың бойында көркемдік-эстетикалық талғам қалыптастырып, олардың шығармашылығының дамуына атсалысу.

Қатысушылар «Бүлдіршіндер әні», «Жасөспірімдер әні», «Вокалдық топ», «Дәстүрлі ән» және «Би» аталымдары  бойынша сынға түседі.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:05-те «Айгөлек» қатысушыларының спорт тақырыбына арналған концертін көріңіз.

0
0
276

«Күміс көмей, жез таңдай». Концерт

Жас дарындар кешін бүгін 18:15-те көріңіз.

Жуырда Алматыда талантты жастарды қолдау мақсатында «Күміс көмей, жез таңдай» атты ән байқауы өтті. Байқауға  3 аталым бойынша 200-ге жуық өнерпаз қатысқан.

Биыл  төртінші рет өтіп отырған сайыс қатысушыларының кәсіби деңгейі де өскен. Нағыз таланттыларды анықтау үшін Нұрғали Нүсіпжанов, Еркін Шүкімән, Сәкен Майғазиев сынды белгілі тұлғалар қазылық етті.

Өнерпаз жастарға ерекше серпін берген «Күміс көмей, жез таңдай» байқауының телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
546

«Astana Arlans» бокс клубы алтыншы маусымының бірінші кездесуін 2016 жылдың 23 қаңтарында өткізбекші

Бокс кеші Қарағанды қаласында өткізіледі деп күтілуде.

«Astana Arlans» бокс клубы  Әлемдік бокс сериясының алтыншы маусымының бірінші кездесуін 2016 жылы 23 қаңтарда өткізбекші. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана арландарының қарсыласы – әзірбайжандық «Баку Файрс». Естеріңізге саламыз, жеребе бойынша қазақстандық клуб D тобында жұдырықтасады. Әзірбайжан командасынан бөлек, олар «Пуэрто Рико Харрикайнс» және Өзбекстан  командасымен бақ сынасады.

«Astana Arlans» боксшылары «Куба Домадорес» командасын қапы қалдырып, Әлемдік бокс сериясы бесінші маусымының жеңімпазы атанғанын болатын.

0
0
239

«Capital Gate» ғимараты қалай салынды?

Ғимарат Италиядағы Пизан мұнарасынан бес есе қиғаш тұр. Дубай өзінің ерекше ғимараттарымен таң қалдырса, енді Абу-Даби Дубайдан да асып түсуді көздейді. «Capital Gate» ғимаратының орналасуы ерекше. Италиядағы Пизан мұнарасынан бес есе қиғаш тұр. Парсы шығанағын жағалай қоныстанған Абу-Даби 1971 жылы тәуелсіздігін алған ел. Бүгінде әлемдегі ең бай жеті мемлекеттің қатарына кіреді. Біріккен Араб Әмірліктерінің королі Абу-Дабиді әлемдегі ең дамыған және туристер көп келетін қалаға айналдыру үшін қазынадан 200 миллиард доллар бөлдірді. Әу баста қиғаш бекітілген ғимарат теңіздің толқыны мен шөл даладағы жел, сусыған құмды бейнелейді. Мұнараның жерден ұшар басына дейінгі биіктігі - 162 метр. Әр бұрышы бір-бірін қайталамайды. Қаладағы ел жиылатын басты орындардың бірі болуы үшін жақсы жерге салу…

0
0
456

Рамазан Стамғазиев: Дәстүрлі классикалық өнерге қызығушылық жоғары

Әншінің орындауындағы Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз. Астанада «Шабыт» ХVІІІ Халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі өтуде. Биылғы фестиваль бес аталымды құрайды. Олар: «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Спорттық сәнді би». Осы сайысқа қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылған әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының меңгерушісі, доценті Рамазан Стамғазиев бүгін «Таңшолпанда» қонақта. «Фестивальде халық музыкасы аталымы бойынша алғашқы жылдары жиырма шақты ғана үміткер қатысса, бүгінде домбырасын арқалап келген 50-ге жуық қатысушы бар. Негізі осындай конкурстар болмаса, соңымыздан ерген ұрпақтың қандай екенін білмей қаламы…

0
0
649

Нұрмағанбет Нүрпейісов: Инновация қолжетімсіз дүние емес

Кәсіпкер бүгінде әйнекке түрлі сурет орналастырып, оны 3D қалыпта халыққа ұсынып отыр. Бір кездері Нұрмағанбет Нүрпейісовтің денсаулығы сыр беріп, жарымжан атануға сәл-ақ қалған болатын. Бірақ, өзгелерге мұқтаж болуды қаламаған ол ауруымен күресіп, жеңіп шықты. Қазіргі таңда өндірісі оңға басқан кәсіпкер. «Алғашында халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бастадық. Яғни, шаштараз сынды кішігірім бизнестер болды. Бірақ, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда, мемлекетке ешқандай пайда тигізбеді. Егер нарықта бар кәсіппен айналыссаң, жаңалық ашуың екіталай. Ал, инновациялық жоба бұл тың бағыт. Бірақ, өзіндік қиыншылығы бар. Ойлап табу мен айналымға енгізу қиын шаруа»,-дейді кәсіпкер. Ол уақыт өте келе өндірістік компания құрды. Бастапқыда әйнекке түрлі сурет орналастырып, оны 3D қалыпта ұсынғаны…

1
0
551