Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Ши тоқу өнері — ежелден келе жатқан кәсіп

«Таңшолпанның» бүгінгі кейіпкері – қолөнермен 35 жылдан бері айналысып келе жатқан Райгүл Ахметжан. Дәстүрлі ши тоқу өнері - ежелден келе жатқан кәсіп. Қазақтың қадым заманнан қалыптасқан бұл өнері бүгінде жаңаша түрленіп келеді. Табиғатында бұл өнердің үш түрі бар. Ақ ши, орама және шым ши тоқу. Аршылған ақ шиді көбінесе киіз басуға қолданады. Сондай-ақ, тұрмыста құрт, ірімшік жаюға таптырмас дүние. Ал, орама шиді бойына түрлі-түсті жүнді өрнекке байланысты орап отырып тоқиды. «Таңшолпанның» бүгінгі кейіпкері – қолөнермен 35 жылдан бері айналысып келе жатқан Райгүл Ахметжан. Ол ши тоқуда тек жүнді ғана пайдаланып қоймай, қағазбен, матамен де түрлі картиналар жасап шығарады. Тіпті, сырыққа таспен бастырмай-ақ, түрлі пішінде тоқып шығарады. Шебер «Ши тоқу өнерін кез келген адам меңгере ала…

0
0
1228

Мейрамхана әдебін білесіз бе?

Дастархан басында телефонмен сөйлесу мейрамхана мәнеріне жатпайды.

Мейрамхана әдебі бойынша, жігіт қыздың оң жағына немесе қарама-қарсы отырғаны абзал.

Сондай-ақ, дастархан басында телефонмен сөйлесу мейрамхана мәнеріне жатпайды. Күтпеген жерден қоңырау соғылса, кейін хабарласуын сұраңыз. Ал, шұғыл мәселе болса, кешірім сұрап, үстелден тұрып кетіңіз.

Әкелген тамақты иіскеу немесе ұнатпаған жағдайда дауыстап сын айту да -  әдепсіздік белгісі. Тағамды жеуге қасыңыздағылардың тапсырысы келген соң ғана кірісіңіз. Тамақ жеп отырып, сөйлеуден аулақ болыңыз.

Сондай-ақ, есепшотты кімнің төлейтіні алдын ала шешіліп қоюы тиіс. Бұл мәселе даяшының көзінше талқыланбағаны абзал.

Мейрамхананың Сіз ескере бермейтін тағы қандай мәдениеті бар? Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
528

Полезные советы на каждый день с телеканалом «Қазақстан»

Для тех, кто является постоянным телезрителем национального телеканала «Қазақстан», в новом сезоне была запущена развлекательная и одновременно полезная программа для всей семьи - «Бірге таңдаймыз». За короткий срок проект смог очень быстро завоевать свою зрительскую аудиторию и полюбиться многим телезрителям. Программа рассчитана, для всех, как говориться, от мала до велика. «Каждый день, мы даем полезные советы, которые вы можете без особого труда повторить дома. Мы не усложняем наши советы, стремясь к оригинальности и актуальности», - поделилась с нами Нурбигуль Егизова, ведущая программы «Бірге таңдаймыз». «Мы также работаем с отечественными производителями и знакомим с их работами наших телезрителей, тем самым, даем им поддержку в продвижении их продукции. Как всем известно, у нас оч…

0
0
294

«Қазақстан» телеарнасымен күн сайын пайдалы кеңестер

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының тұрақты телекөрермендері үшін жаңа маусымда «Бірге таңдаймыз» атты пайдалы, әрі ойын-сауықтыру бағдарламасы шыға бастады. Қысқа мерзім ішінде жоба көрермендердің көңілінен шығып, сүйікті бағдарламаларының біріне айналды. Бағдарлама әр түрлі жастағы көрермендерге арналған. «Бірге таңдаймыз» бағдарламасының жүргізушісі Нұрбигүл Егізова: «Күн сайын тұрмыста қажет, әрі үй жағдайында өздеріңіз жасай алатын пайдалы кеңестермен бөлісеміз. Біз жаңашылдық пен заманауи талаптарға ұмтыла отырып, өз кеңестеріміздің жеңіл, әрі түсінікті болуына назар аударамыз». Бағдарламаның продюсері Әйгерім Есенәлі: «Біз, сондай-ақ отандық өндірушілермен бірлесіп отырып жұмыс жасаймыз. Оларды көрермендерімізге таныстыра отырып, өнімдерін жылжытуға, халық арасына кеңінен таралуына қо…

0
0
1210

Қал мен меңнің құпиясы

Лондондағы Королдік колледж профессорлары меңі көп адамдардың ұзақ жасайтынын дәлелдеп шығарды. 100-400 меңі бар 900 егіздердің жасушаларын зерттегенде, жас көрінетін болып шықты. Көпшілігі остеопороз, жүрек қабынуы ауруларына ұшырамайтыны белгілі болды. Ата-бабамыз бойында қалы бар ұл баланы бақытты санап, Қалдыбай, Қалдыбек, Қалжан, Қалтай деп атаса, меңі бар қызды Меңтай, Меңдіқыз, Меңдігүл, Меңсұлу, Қалдыкүл деп атаған. Бір қызығы, күндіз туған балада көбірек кездеседі екен. Үнділердің ежелгі түсінігінде маңдайдың қақ ортасындағы қалын «үшінші көз» деп атап, көріпкелдік қасиеті бар деп есептеген. Бойындағы қасиеті ашылмаса, есі ауысқан деп санаған. Ақындар жырға, жазушылар әңгімелеріне, сазгерлерлер әніне қалы бар қыздарды арқау еткен. Жұматай Жақыпбаевтың музасы «тарыдай меңі бар қыз…

1
0
18124

Оралда өткен «Жас Барыс» турнирінде жаңа чемпиондар анықталды

Орал қаласында қазақ күресінен республикалық «Жас Барыс» турнирі мәресіне жетті. 14-15, 16-17, 18-19 жас аралығында үш топта сынға түскен жас палуандардың бәсекесіне еліміз бойынша 260 спортшы қатысты. Дәстүрлі түрде 4-ші рет өткен республикалық турнирге іріктеу 4 кезең бойынша жалғасқан еді. Алғашқыда қатысушылар 1-2 кезеңде ауылдық елді мекендер мен аудандық іріктеуден өтсе, 3 кезеңде облыстық іріктеу сынына қатысқан. Одан өткендер 4 кезеңге, яғгни, финалдық турнирге жолдама алды. Турнирде 14-15 жастағы балалар: 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, + 73 келі, 16-17 жастары жасөспірімдер: 46, 51, 57, 64, 72, 81, +81 келі, 18-19 жастағы жастар: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелерінде белдесті. «Жас Барыс» турнирін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақстан Республикасы…

0
0
482

Бүгіннен бастап «Балапан» телеарнасынан «Менің ғажайып ертегім» жобасы көрсетіледі

Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады.

Бүгіннен бастап  «Менің ғажайып ертегім» жобасы эфирге шығады.  Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады.

«Менің ғажайып ертегім» жобасы ата-аналар жазған ертегілер бойынша жасалған. Хабар барысында эстрада жұлдыздары ертегі оқыса, ал балалар шығарманың  оқиға желісі бойынша қойылым көрсетеді.

Айта кетейік, «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналар арасында  «Менің сүйікті ертегім» атты ертегілер  байқауын жариялаған болатын. Сайыста үздік  деп танылған шығармалар «Менің ғажайып ертегім» жинағына енгізілді.

 

Жинаққа енген ертегілер туралы мына жерден білуге болады.

0
0
341

Гүлдәрия Қастеева: Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын

Әбілхан Қастеев - қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушы.

Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі - Алматыдағы орны бөлек мәдениет нысандарының бірі.

Қазақ бейнелеу өнерінің атасы бұл үйде 1958-1973 жылдары тұрған. Мұнда суретшінің кезінде тұтынған дүниелері мен 100-ге тарта  жұмысы қойылған. Шебердің қарындашпен, қылқаламмен салған алғашқы туындыларын да осы мұражайдан көруге болады.

«Мұнда жиі келетіндер - бейнелеу өнерін меңгеріп жүрген жастар, танымал суретшілер мен шебердің көзін көргендер», дейді мұражай-үйінің директоры Еркін Нұразхан.

Қолданған заттарының ішіндегі ең құндысы - сурет салуға арналған құрал-саймандары. Бұлардың бәрін суретші өз қолымен жасаған екен. Қызы Гүлдәрия Қастеева «Әкемнің сурет салудағы табандылығы ерекше болатын», деп еске алады.

Толығырақ «Таңшолпанда».

0
0
434

Мақсат Базарбаев: Тыңдармандарыммен әлеуметтік желілер арқылы пікірлесіп отырамын

Әнші Мақсат Базарбаев - «Таңшолпанда» қонақта.

«Қайда барсам да, «Сахнадан неге көрінбей кеттің?» дегенді жиі еститін болдым.

Тоқтап қалған жоқпын, әндер жазылып жатыр, түсірілімдерге, түрлі концерттерге қатысып жүрмін. Шығармашылық жұмыстарым жалғасуда», дейді әнші.

«Өнерде жүргеннен кейін халыққа есеп беру - міндет. Сондықтан, жеке кешімді өткізу - қазіргі кездегі ең басты мақсаттарымның бірі», деген өнер иесі тыңдармандарымен әлеуметтік желілер арқылы пікірлесіп отыратынын жеткізді.

Сондай-ақ,әнші студияда көрермендер тарапынан түскен отбасы туралы сауалдарға жауап берді. Толығырақ«Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
386

Студенттердің бір-біріне қандай сыйлық ұсынғандары абзал?

Ақша жинайтын түрлі қобдишалар сыйлау - жақсы ырым.

«Кім сыйлық жасай білсе, сол өмір сүре біледі». Жақыныңның жанын жадыратып, қуанта білудің өзі - бір бақыт.

Ақша жинайтын түрлі қобдишалар сыйлау - жақсы ырым. Баласы бар жақындарыңызға ойыншықтардан гөрі, бір мезгіл бала денсаулығына пайдалы заттар да сыйлағаныңыз абзал.

Ең бастысы, бұл сыйлықтардың қолдан жасалғанын, тұрмысыңызға аса қажетті екенін естен шығармаған жөн. Сондай-ақ, сыйлық берген адамға құрметпен қараңыз. Оның тартуын «арзан-қымбат, үлкен-кіші» деп өлшеп-пішуге әдеттенбеген жөн.

Ал, студенттер қауымы бір-біріне қандай сыйлық ұсынғандары абзал? Бұл туралы «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
306