Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Қазақстан» телеарнасымен күн сайын пайдалы кеңестер

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының тұрақты телекөрермендері үшін жаңа маусымда «Бірге таңдаймыз» атты пайдалы, әрі ойын-сауықтыру бағдарламасы шыға бастады. Қысқа мерзім ішінде жоба көрермендердің көңілінен шығып, сүйікті бағдарламаларының біріне айналды.

Бағдарлама әр түрлі жастағы көрермендерге арналған. «Бірге таңдаймыз» бағдарламасының жүргізушісі Нұрбигүл Егізова: «Күн сайын тұрмыста қажет, әрі үй жағдайында өздеріңіз жасай алатын пайдалы кеңестермен бөлісеміз. Біз жаңашылдық пен заманауи талаптарға ұмтыла отырып, өз кеңестеріміздің жеңіл, әрі түсінікті болуына назар аударамыз».

Бағдарламаның продюсері Әйгерім Есенәлі: «Біз, сондай-ақ отандық өндірушілермен бірлесіп отырып жұмыс жасаймыз. Оларды көрермендерімізге таныстыра отырып, өнімдерін жылжытуға, халық арасына кеңінен таралуына қолдау жасаймыз. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі кезде қазақстандық дарынды да талантты дизайнерлер және қолөнер шеберлері өте көп», - деп, өз ойымен бөлісті.

Бағдарламаның форматы жаңа. Күн сайын біз телекөрермендерімізбен бірге кешкі ас мәзірін, киім үлгісін бірге таңдап, күнделікті тұрмыс мәселелерін бірге шешіп, ең бастысы, өз уақытымыз бен қаражаттарымызды тиімді үнемдеудің жолдарын іздейміз.

«Қазақстан» телеарнасының шығармашылық ұжымы телекөрермендерге күн сайын әйелдің атқаратын істері, оның қызығушылығы мен оны мазалайтын мәселелер және оларды шешу жолдары сияқты заманауи пайдалы, әрі қызықты тақырыптарды ұсынады. Осы және басқа да сұрақтардың жауаптарын көрермендеріміз бағдарламаның көрікті жүргізушісі Нұрбигүл Егізовамен бірге біле алады.

Бағдарламаның өзегі кез келген адам, әсіресе, үй шаруашылығындағы немесе жұмыс басты әйел адамның барлығына бірдей уақыт тауып, үлгеруі.

Айта кететіні, бұл отандық медиа кеңістікте танымал тұлғаларды тарта отырып, көрермендер аудиториясын жинауға ұмтылмайтын бағдарламалардың бірі. Бағдарлама қонағы көрермендерімізбен өз күйбең-тіршілігінде пайдаланатын кеңестерімен бөлісе алатын кез келген қарапайым адам бола алады.  Бұл үшін көрермендер «Бірге таңдаймыз» бағдарламасының редакциясына бағдарламада көтерілетін тақырып бойынша идеялар қамтылған хат жазып, тікелей эфирдегі сарапшылардың бірі болу мүмкіндігіне ие болады. Студияға келе алмаған көрермендеріміз тікелей эфирге Skype арқылы қосылып, ас әзірлеу процессінде өз кеңестерімен бөлісе алады.

Осы бағдарлама эфирге шықаннан бері редакцияға телекөрермендердің оң пікірлері көптеп түсуде.

Сөз соңында, «Қазақстан» телеарнасының көрермендеріне пайдалы кеңестер көп болып,  «Бірге таңдаймыз» бағдарламасымен бірге әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде болуды тілейміз!

 
0
0
1204

Осы тақырып бойынша

«Қазақстан» телеарнасымен күн сайын пайдалы кеңестер - Yvision.kz