Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Сенбілік кездесуде» – Гүлжан Әспетова

Актрисаның жақындары мен дос-жарандарының сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан саға 21:00-де көре аласыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде «Соровка – Воровка» ертегісіндегі басты рөл ханшайымды сомдаған Гүлжан Әспетова, сол кезде-ақ жұлдыз атанған еді.

Ұстазы Павел Васильевич баланың бойындағы ерекше дарынды байқап: «Гуля, Гуленка, сен тек өнерге арналған қызсың! Сенің бойыңда актриса болуға барлық қасиет пен мүм­кіндіктер бар»,-деген екен.

Ес білгелі сахнаның төрінен табылған актриса бүгінде: «Мен сахнаға тым болмаса, бір айда бір рет шықпасам, ішкі әлемім босап қалады. Халықтың алдына шығып, халықтың қошеметін сезініп, сырын, мұңын тарқатпаса, адам рухани өліп кетеді»,- дейді.

ҚР Халық әртісі бүгін «Сенбілк кездесуде» қонақта.

0
0
793

«Жайдарман». Республикалық Жоғары лига. Ширек финал. 2-топ

Республикалық Жоғары лига ойындары ширек финалының екінші бөлімін бүгін 22:35-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Республикалық Жоғары лига ойындары ширек финалының екінші бөлімінде Жамбыл облысы, Шу ауданынан келген Шу-Чу» командасы,  Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласының «Сырдария құрамасы» өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосынан «Сағыз» командасы,  Алматы қаласынан  «ЖасНАР», Қарағанды қаласынан «Күлкі терапиясы» командалары қатысады.

0
0
1034

«Той көйлегі» драмасын көріңіз

Фильм режиссері - Хен-чжин Вонг.

Го Ын – той көйлегінің дизайнері әрі жалғызілікті ана. Қатерлі ісікке шалдыққан ол тоғыз жасар қызы Соруды анасыз өмір сүруге бейімдей бастайды.

Ол тіпті қызы бойжеткенде киетін той көйлегін де әзірлеп қояды...

Режиссер Хен-чжин Вонгтың «Той көйлегі» атты драмасында басты рөлдерді  Ким Хян Ги, Сон Юн А, Чон Ми Сон сомдайды.

0
0
1331

«Бірге таңдаймыз!». Сырт киімді таңдауда есте ұстауға тиісті қағидалар

Ерлердің сырт киімін таңдағанда не нәрсеге мән берген жөн? Қыз-келіншектер сырт киім таңдағанда көп ойланады. Ал, ер-азаматтар үшін бұл істе жалғыз ғана қағида бар. Ол - «Сұлуынан жылуы». Десе де, ерлер сырт киімді таңдауда не нәрсеге мән бергендері жөн? Жігіттердің киімі жылулығымен қоса, сәнді болуы керек; Қысқы қалың бас киімдерді ыңғайсыз көретін ер-азаматтар капюшонды сырт киімді таңдағандары жөн; Көлік айдайтын жігіттер үшін белін жауып тұратын ұзындықтағы киім таңдаған дұрыс. Себебі, көлік іші ыстық болса, сыртқа шыққан жағдайда бірден суық тию қаупі жоғары; Таза былғарыдан тігілген киімдерді таңдайтындар үшін пайдалы тұсы - дақ жұқтырып алған жағдайда, сүртіп кетіру жылдам әрі оңай. Ал, таза құндызды жасандыдан қалай ажыратуға болады? «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасының кеңестері к…

0
0
434

Эфирде – «Жаңа қоныс»

Телехикаяның 9-10 бөлімдерін бүгін 14:35-те көріңіз.

Ауылдан қалаға көшіп келген Мырзахановтар отбасының қалада тұрмаған ауданы қалмады.

Алайда, көшіп-қонып жүріп, түрлі қиындықтарға тап болса да, ауылға қайтып, шаруашылықпен айналысуға намыс жібермейді.

Осылайша, әзірге оларға бар тапқан-таянғандарын үй иесіне беріп, өздеріне өз үйлері туралы тек армандай тұру ғана мүмкін.

Бүгін 14:35-те «Жаңа қоныс» телехикаясының 9-10 бөлімдерін тамашалаңыздар.

0
0
333

«Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды

Марапат Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.

Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты II Халықаралық медиафорумында «Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды.

Форум мақсаты - қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, отандық БАҚ-тың бәсекелестігін арттыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін насихаттау.

Марапат Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған «Ұлы дала елі» республикалық  экспедициясынаатсалысқаны үшін Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

0
0
204

18-ші желтоқсанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов польшалық Кшиштоф Влодарчикпен кездеседі

18-ші желтоқсан күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) бірінші ауыр салмақта (90,718 келіге дейін) WBA тұжырымы бойынша уақытша (interim) Әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (16-2, 10 КО) польшалық Кшиштоф Влодарчикпен (49-3-1, 35 КО) кездеседі.

Айта кетейік, Б.Шүменов биыл шаршы алаңға бір рет шығып, АҚШ спортшысы Би Джей Флоресті жеңген еді. Осылайша ол WBA тұжырымы бойынша уақытша (interim) Әлем чемпионы атанды.

Ал, К.Влодарчик өткен жылдан бастап жекпе-жек өткізген жоқ. Ол 2014 жылдың қыркүйек айында Мәскеуде ресейлік Григорий Дроздқа есе жіберіп, WBC тұжырымы бойынша атағынан айырылған болатын.

0
0
209

Мүсіркеп Сейдахмет: Ақын жабырқаса өмірді, масайраса махаббатты жазады

Мүсіркеп Сейдахмет Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында дүниеге келген. Құла бие қыр жусап, Тұма ойға жыр сусап Құлан иек таң атты, Құба бояу жалатты. Жалқын түске тұншықты, Алтын жалды Күн шықты. Көлеңкелер қысқарып, Көк түтінге ысталып... Ақын Мүсіркеп Сейдахмет әдебиетке кеш келді. Отызды орталап, қырыққа қадам басқан шағында қолына қалам алды. Ол 1955 жылы 6 желтоқсанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында дүниеге келген. «Мен қазақтың киелі үш топырағын басып, ауасын жұтып өскен адаммын. Оның бірі - кешегі Ахмет, Ыбырай, Міржақыптар шыққан топырақ - Торғай өңірі, екіншісі - қазақтың ұйытқысы болған Ұлытау, үшіншісі - талай аңыз тұлғаларға мекен болған Арқаның ең биік шыңы Ақсораң тауы», дейді ақының өзі. Оны шығармашылық арнаға бұрғызған - тегеурінді талан…

0
0
1089

Сәбилерді қалай дұрыс тамақтандырған жөн?

Сәбиге алты ай толғанда күріштен, жүгеріден, сұлыдан немесе қарақұмықтан жасалған ботқа беруге болады.

Жаңа туған нәресте үшін ана сүтінен асқан пайдалы азық жоқ. Ана сүтінің құрамында баланың жақсы өсіп-жетілуі үшін қажетті дәруменнің бәрі бар. Сондықтан, емізулі балаға қосымша тамақты 6 айлығынан бастап берген дұрыс.

Сәбиге алты ай толғанда күріштен, жүгеріден, сұлыдан немесе қарақұмықтан жасалған ботқа беруге болады. Бұл тағамдарды сүт немесе сары май қосып пісірген абзал.

Сондай-ақ, суға піскен жұмыртқа мен езілген жаңғақ та пайдалы. Олардың құрамында бала ағзасына қажетті минералдар мен дәрумендер мол.

Ал, сәбиге жеміс шырынын қай жастан бастап, қанша мөлшерде беру керек? Тақырып жөнінде толығырақ«Таңшолпаннан» біле аласыздар.

0
0
448

Майра Илиясова: «Сағындырған әндер-ай» кеші биыл 10-шы рет өтеді

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Илиясова және әнші, «Серпер» сыйлығының иегері Гүлнұр Оразымбетова - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Гүлнұр Оразымбетова 15 қарашада Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында жеке шығармашылық кешін өткізбек.

Ал, 16 қараша, сағат 19.00-де  Майра Илиясованың ұйымдастыруымен  дәстүрлі «Сағындырған әндер-ай» атты ретро ән кеші өтеді. Оған республикаға танымал 75 әнші қатысады.

«Мақсатымыз - ретро әндерді, халық әндерін, халық композиторларының әндерін халыққа сол күйінде бұзбай жеткізу. Бұл - «Сағындырған әндер-айдың» 10 жылдан бері атқарып келе жатқан негізгі миссиясы», дейді Майра Илиясова.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіздер.

0
0
549