Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Асқабақ артық салмақтан арылуға көмектеседі

Асқабақтың құрамында В тобының дәрумендері мол. Сан түрлі дертке шипа болатын асқабақтың елімізде 13 түрі өседі. Дәрігерлер күнделікті ас мәзіріне асқабақтан жасалған тағамдарды міндетті түрде енгізу қажеттігін айтады. Әсіресе, қыс айларында жиі тұтынған жөн. Себебі, ол ағзаға күш-қуат береді. Асқабақтың құрамында В тобының дәрумендері мол. Ағзаны тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жолдары ауруларының алдын алуға да септігін тигізеді. Егер, байқаусызда ыстық суға күйіп қалсаңыз, денеңізге бірден асқабақтың ұлпасын тартыңыз. Артық салмақтан арылып, сымбатыңызға көңіліңіз толмаса, асқабақ диетасын ұстауға болады. Ал, оның дәнегі жүйке жүйесін тыныштандырады. Дәнектің құрамындағы мырыш есте сақтау қабілетін жақсартып, мидың қызметін реттейді. Асқабақ жемісінің бұдан өзге қандай пай…

0
0
696

«Бірге таңдаймыз!». Ерлердің қысқы киімін қалай таңдаймыз?

Бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз!» хабарын көріңіз.

Фаст-фудтың жүгерісінен әлдеқайда дәмді,  дәруменге бай  жергілікті жүгеріні дайындаудың ерекше тәсілін білесіз бе?

Ұлттық стильдегі сәнді әшекейді қолдан жасап үйренгіңіз келе ме? Ерлерге арналған қысқы киімді қалай таңдаймыз?

Ең пайдалы салат қоспасы – руккола туралы танымды ақпарат пен дәмді салаттың рецепті туралы білгіңіз келсе, бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз!» хабарын көріңіз.

0
0
287

«Әйел бақыты» хабары стиліне көңілі толмайтын аруларға көмектеседі

Екі аптада бір рет қайталанып отыратын тұрақты шығарылымды бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:00-де көріңіз.

Жасқа, дәрежеге, материалдық және психологиялық жағдайларға қарамастан, әйел адам әдемі болып жүруі тиіс. Әдемі болып көрінудің еш қиындығы жоқ.  Бар болғаны, еріншектікке жол бермеу.

Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды.

Себебі, психологтардың айтуынша, сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады.

Әр әйел әдемі болуға лайық, сондықтан «Әйел бақыты» хабары өзіне сенімсіз, стиліне көңілі толмайтын аруларға көмек береді.

Екі аптада бір рет қайталанып отыратын тұрақты шығарылымды бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:00-де көріңіз.

0
0
330

«Kazsport»телеарнасы самбодан әлем чемпионатын көрсетеді

Қарашаның 13-і мен 15-ші жұлдызы аралығы Марокконың Касабланка қаласында самбодан әлем чемпионаты өтеді. Аталған спорт түрімен айналысатын барлық жұлдыздардың басы қосылар жарыста қазақстандықтарды да ерекше атап өтуге болады. Қазақстан құрамасының алдына қойылған мақсат – былтыр Жапонияда өткен әлем чемпионатындағы нәтижеден кем түспеу. Күншығыс елінде отандастарымыздың 3 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлде ұтып алғанын естеріңізге сала кетеміз. Бұл жылы да ұлттық құрама жетекшілері спорттық самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыровқа, әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы Алмас Сүлейменовке, әскери самбодан екі дүркін әлем чемпионы Арман Оспановқа ерекше сенім артады. Команда қатарында талантты жастар да жоқ емес. Солардың бірі қыздар арасындағы спорттық самбо шебері – Ділдәш…

0
0
466

Қазақстандықтардың 98 пайызы қазақ елінің азаматы болғанын мақтан тұтады

Қазақстандықтардың 98 пайызы қазақ елінің азаматы болғанын мақтан тұтады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты ІІ халықаралық медиа форумның жалпы сессиясында ҚХА Төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов айтты. «Соңғы әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес халықтың 98 пайызы біздің еліміздің азаматы екендігін мақтан тұтатындығын білдірген. 95 пайызы басқа барлық этностардың өкілдеріне оң қөзқараста екендігін атап өткен», - деді ол. Сонымен қатар Е.Тоғжанов бұл бос сандар еместігін, елдегі шынайы ахуалдың нақты көрінісі екендігін атап өтті. Елімізде жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың айқын нәтижесі екендігін баса айтып, биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы екендігіне ерекше тоқталды. «Қазақстан халқы…

0
0
285

Инсулинді енгізудің жаңа әдісін тапқан жас ғалым 7,5 млн. теңгелік грантты жеңіп алды

Бүгін Астанадағы «Қазақстан - жаңа жаһандық инновациялық хаб» халықаралық инновациялық форумы аясында жылдың үздік ең жас ғалымдары белгілі болды. Жалпыұлттық инновациялар байқауындағы «Үздік жас ғалым» аталымына 100-ден астам өтінім келіп түскен. Оның қорытындысы бойынша сарапшылық комиссия 10 финалисті іріктеді. Бүгін конференция аясында 10 жас ғалым өздерінің жобалары бойынша таныстырылым өткізді. Айта кетерлігі, осы аталымға қатысуда ең жоғары белсенділікті Назарбаев Университетінің студенттері мен ғалымдары танытты. «Жылдың үздік жас ғалым» атағы мен 7 500 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені Назарбаев Университетінің түлегі Дана Ақылбекова жеңіп алды. Ол байқауға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеуін ұсынды. Жас ғалым диабеттің екінші типімен ауыратын адамдарға инсулин енгізуді…

0
0
275

Майя Маслова-Исмаилова: Қазақтың термесі философиялық мағынасының тереңдігімен ерекше

Термеші, дәстүрлі әндердің орындаушысы Майя Маслова-Исмаилова - «Таңшолпанда» қонақта.

«Түркі халықтары музыкасының тамыры бір. Бала кезімнен түсінбесем де, Әзірбайжан халқының  мугам деген дәстүрлі әнін тыңдайтынмын.

Оның ішінде қазақтың термесі зор мәнділігімен, философиялық мағынасының тереңдігімен ерекше. Қолыма домбыра алып, жыр-толғаулар орындауыма Сарайшықтың киелі топырағы да әсер еткен болар», дейді әнші.

Өнер иесі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тыңдармандарына «Бейбарыс баба» әніне түсірілген бейнебаянын ұсынбақ. Ал, әншінің орындауындағы Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен едім» термесін «Таңшолпаннан»тыңдай аласыздар.

0
0
2357

Бүгін — Евгений Брусиловскийдің туған күні

Евгений Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнаған жан.

1905 жылы Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Қазақ музыкасын тереңінен зерттеген композитор 1934 жылы алғаш рет «Қыз Жібек» операсын көпшілікке ұсынды.

1934-1938 жылдары Қазақ музыкалық театрының музыкалық жетекшісі, 1944-1951 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.

Саналы ғұмырында тоғыз опера, екі балет, тоғыз симфония жазды. Қазақтың 250-ден астам ән-күйін жазып алып, 500-ге жуық әндер мен романстарды өмірге әкелді. Оған өнерге сіңірген еңбегі үшін КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Композитордың шығармашылық жолы туралы толығырақ «Таңшолпанда».

0
0
399

«Kazsport» телеарнасы Алматы қаласында комментаторларға кастинг өткізеді

Резюмелерді 12 қараша күнгі кешкі 22:00-ге дейін [email protected] адресіне жіберу қажет. «Kazsport» телеарнасы 14 қараша күні «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалының ғимаратында (Желтоқсан даңғылы, 177) комментаторларға кастинг өткізеді. Резюмелерді 12 қараша күнгі кешкі 22:00-ге дейін [email protected] адресіне жіберу қажет. Алматы қаласында спорттық шаралар көп өткізіледі. Сол себепті телеарнаға еліміздегі ең ірі қалада тұратын жергілікті комментаторлар аса қажет. «Kazsport» телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда футбол, хоккей және басқа да командалық спорт түрлері мен жекпе-жек сайыстарынан материалдар пайдаланылады. Айта кетейік, бұл телеарнаның 2015 жылы төртінші, Алматыда өткізіп отырған бірінші…

0
0
223

«Kazsport» Мароккода өтетін самбодан Әлем чемпионатын көрсетеді

13-15 қараша аралығында Марокконың Касабланка қаласында самбодан Әлем чемпионаты өтеді. Айта кетейік, әлемдік дода Африка құрлығында тұңғыш рет ұйымдастырылады.

«Kazsport» телеарнасы Әлем чемпионатының 3 жарыс күнін көрсетеді.

КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:

 

14 қараша

09:20. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 1-ші күн

 

15 ноября

13:45. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 2-ші күн

01:00. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 3-ші күн. Тікелей эфир

0
0
295