«Қазақстан дауысы». 5 миллион теңге кімге бұйырады?
Қазір 16 әншінің ішінен көпшіліктің таңдауы бойынша 4 өнерпаз ғана қалды. Жарты жылға созылған еліміздегі айтулы ән бәсекесі «Қазақстан дауысының» үшінші маусымы шешуі сынға таяды. Бірнеше аптадан бері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде көрерменнің дауыс беруімен үздіктер іріктелуде. Қазір 16 әншінің ішінен көпшіліктің таңдауы бойынша 4 өнерпаз ғана қалды. Алдағы жексенбіде осы төрттіктің арасынан кімнің жеңімпаз атанып, бас жүлде 5 млн теңгені иеле нетіні анықталады. Бәсекенің финалдық сайысы өте тартысты әрі қызықты болады. Үміткерлер бірнеше ән шырқайды. Алғашқы кезеңде еліміздің танымал жұлдыздарымен жұп болып өнер керсетсе, екінші кезеңде тәлімгерлерімен қосылып ән салады. Ал үшінші сында жеке-жеке шеберлігін сынайды. Бұл жолы тәлімгерлер шәкірттеріне көмектесе алмайды…



