Жанат Чайкина: Біздің театр Тәуелсіздік мерекесіне үлкен абыроймен, табыспен келді
Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының актерлері бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Актриса, «Құрмет» орденінің иегері Жанат Чайкина және актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев таңғы бағдарламаға келіп, ой-пікірлерімен бөлісті. «Кеңес одағы уақытында Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген әртісі атағын алғанмын. Содан бері міне, 25 жыл өткен екен. Еңбегімді елеп, «Құрмет» орденін алғаныма қуаныштымын»,-дейді Жанат Чайкина. Марапат алғандағы әсерімен Қуандық Қыстықбаев та бөлісті. «Осы марапатпен болдық, толдық емес. Бұл керісінше, бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Енді осы атаққа лайық болып, оны ақтау міндеті тұр»,-дейді актер. «Биылғы жыл біздің театр үшін өте табысты болды. Жуырда Атырау қаласында өткен республикалық театрлар фестивалінде «Көлең…




