Алматыда әйелін өлтірген ер адам 1,5 жылға сотталды: үкімнің күші жойылды
Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысы адвокат Айман Асанованы өлтіру қылмыстық ісі бойынша алқабилер үкімнің күшін жойып, оны жаңа қарауға жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қылмыстық оқиға былтыр қазан айында болған. Заңгер әйелді бұрынғы күйеуі Талғат Нұртаев 18 жерден пышақтап өлтірген. Биыл 17 мамырда сот ер адамға 1 жыл 6 айға қоныс колониясында жазасын өтеу туралы үкім шығарған. Сотталушының әрекеті Қылмыстық кодекстің 1-бөлігінің 99-бабы "Қасақана кісі өлтіру" бабынан Қылмыстық Кодекстің 101-бабы "Қатты психикалық толқу жағдайында кісі өлтіру" бабына ауыстырылған.Бұл үкім айыптаушы тараптың ашуын тудырған. Марқұмның адвокаты Жохар Өтебековтың айтуынша, судья ер адамды сол әрекетке жеткізген Асанованың ауыр сөздері деп шешкен. Сотталушы оны ауыр қорлау және мазақ ету деп…







