Заманауи журналистика және жасанды интелект
Жасанды интеллект - адамның іс-әрекетін компьютерде бейнелейтін жүйе. Қазірдің өзінде жасанды интеллект өзекті мәселелерді шешіп, көп жағдайда адамның қызметін еш айырмашылықсыз орындап бере алады. Осы орайда, жасанды интеллектің көптеген мамандықтарды ығыстырып тастау қауіпі бар. Соның ішінде, жасанды интелект журналистика мамандығының орнын баса алады ма?

Басқа салалар секілді жасанды интелект журналистика мамандығына да біршама өзгерістер алып келді. Мысалы «Тіл- қазына» орталығының жаңа бағдарламалары. «Тіл-қазына» орталығы медиа саласының мамандарына, журналистер мен студенттерге көмек бере алатын телеграм бот әзірледі. Боттың ерекшелігі аудиоматериалдар мен адамның сөйлегенін қатесіз мәтінге айналдырып бере алады. Бағдарламашылар бұл ботпен әлі де жұмыс істеп, боттың қабілеттерін арттырмақ. Бұл орталық мәтінді дыбысқа айналдырып беретін тура сондай бот және «termincon.kz» аударма сайтын іске қосқан болатын.
Сонымен қатар, жасанды интеллект ақпаратты саралап, зерделеуге көмектесіп, мақала да жазып бере алады. АҚШ-тағы Колумбия университетінде жасанды интеллектке байланысты эксперимент жүргізілді. Жасанды интеллектке музыкалық оркестр жайлы мақала жазғызып, оны университет студенттеріне ұсынды. Мақаланың жоғары деңгейде жазылғаны соншалық, студенттер бұл мақаланы адам жазбағанын түсіне қоймады. Құдды біреу бұл мақаланы оркестрді тамашалап отырып жазғандай, оркестрдің ойыны мен әр аспапқа бөлек тоқталып, сипаттама берілген. Бірақ, бұл мақала құрамында ескерілуі тиіс бір тұсы болды. Жасанды интелект аспап түрлеріне тоқталған кезде фортопиано жайында да жазған болатын. Шын мәнінде, оркестр құрамында фортепиано мүлдем болмады. Яғни жасанды интелект қате немесе дұрыс емес ақпарат беруі мүмкін.
Жасанды интеллекттің журналистика саласына берері көп. Журналистердің жұмысын жеңілдетіп, бұл саланың жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Мүмкін болашақта жасанды интеллект видеоны монтаждауда мәтінді редакциялап, ақпараттарды іріктеуде көмекке келіп, мамандардың қолын ұзартатын шығар. Бірақ жасанды интелект журналистердің орнын баса алмайды.
Абаева Ақбота
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
202 мектеп-гимназиясының
11 «Б» сынып оқушысы
Шығармашылық жетекшісі:
Жидегүл Әбдіжадылқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
