Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Жұрттың көзінше Құранды өртеп жіберген босқын қасиетті кітапты теуіп жыртты

Жұрт алдында Құранды өртеп жіберген Салван Момик Швецияда Құран кітабын теуіп қорлады, - деп хабарлайды

Бұл видео Тurknws Instagram-парақшасында пайда болды. Онда Салван Момиктің Швеция астанасы Стокгольмде Құран кітабын теуіп, лақтырып жатқаны бейнеленген. Ал оның жанында күзет тұр. 

Еске салайық, бұған дейін Швеция астанасы Стокгольмде Ирактан келген босқын жігіт Құранды өртеген еді. 

Полиция Үлкен мешіттің алдында Құран өртеуге рұқсат берген. 37 жастағы Салван Момика бірнеше апта бұрын құқық қорғау органдарына арыз жазып, рұқсат алғаны белгілі болды. 

Ол бір топ тәртіп сақшыларының және жолай өтіп бара жатқан 200-ге жуық адамның көзінше мұсылманның қасиетті кітабының бір данасын өртеп жіберді. Дегенмен жұртшылық оның әрекетін қолдаған жоқ. 

0
0
327

"Төрт орын ғана қалған". Ұлттық пантеонға кімдер жерленген?

Кімдер жерленетіні жайлы ереже бекітілген пантеонда төрт қана орын қалған.2017 жылғы бекітілген ереже бойынша мұнда мемлекеттің, ғылымның, мәдениеттің аса көрнекті қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғалар жерленетін болған. Оған қоса қайтыс болған адамның жұбайларын жерлеуге де орын қарастырылған. Қазақстанның дамуына үлес қосқан азаматтарды еске алу үшін құрылған мемориалдық маңызы бар нысан болып есептеледі.Астананың іргесіндегі ұлттық пантеонда 4-ақ орын қалғаны жайлы жуырда ғана Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы айтты. Қалалық мәслихат отырысында сөз сөйлеген спикер 21 орында жерлеу жұмысы жүргізілгенін растады.Пантеонның жалпы ауданы 4 гектарды шамалайды. Онда 25 жерлеу орны бар. Оның ішінде қазір 21 орында жерлеу жұмысы жүргізілген.Ал со…

0
0
282

Алматыдағы Шагабутдинов көшесінің екі учаскесі жабылады

21 шілде мен 4 тамыз аралығында Шагабутдинов көшесі бойымен Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін аумақ жабылады. Көлік қозғалысы екі жаққа да шектеледі.

21 шілде мен 11 тамыз аралығында Шагабутдинов көшесі бойымен Әйтеке би көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі аумақ жабылады. Көлік қозғалысы шығысқа қарай бір бағытта шектеледі.

"Бұл жер астындағы құбырға жоспарлы жұмыс жүргізілуімен байланысты. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өтудің жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

0
0
306

Әл-Фараби даңғылындағы шұңқырға қатысты видеоға қала әкімдігі жауап берді

Әл-Фараби даңғылындағы шұңқырға қатысты видеоға қала әкімдігі жауап берді.

Әлеуметтік желіде Әл-Фараби даңғылының Навои көшесімен қиылысындағы жуырда ғана жөнделген бөлігінде шұңқыр пайда болды деген ақпарат тарады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл ақпарат қисынсыз. Кадрларда көшенің жөндеу жұмыстары жүргізілмеген бөлігі көрсетілген. Науаи қиылысындағы Әл-Фараби даңғылы емес, Садықов көшесінің шығыс жағындағы бір жер екені көрінеді.

"Бұл учаскеде жөндеу жұмыстарын аудан әкімдігі жүргізуі керек. Кадрларда тозған белгілер байқалады, жөнделген жерлерде белгілер жоқ, жаңадан жөнделген жолдарда белгілер болады", - деді әкімдік.

Еске сала кетейік, 19 шілдеден бастап Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

0
0
254

Найзағай, жаңбыр, дауыл: 21 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 21 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.Астанада көшпелі бұлт болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 жылы.Алматыда көшпелі бұлт болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 жылы.Шымкентте көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан секундына 8-13 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 36-38 жылы.Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз об…

0
0
258

«Бақытты отбасы»

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Панфилов ауданынан ұсынылған Жетісу облыстық мәслихат депуттардың ұйымдастыруымен, аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакетін таратты.

0
0
269

📷«Құқықтық көмек»

📷«Құқықтық көмек»: аудандық партия филиалында ақысыз көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр

📷«AMANAT»-тың Панфилов аудандық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтті. Кездесуге келген тұрғындар түрлі мәселе бойынша партиялықтардан көмек сұрады.

Олардың арасында алаяққа алданған, қарызға белшеден батқан, алимент ала алмаған, баспанасынан айрылып, жер дауын көтерген азаматтар да болды. Өз кезегінде, аудандық Әділет басқармасы басшысының у.м.а. және заң сарапшылары, кәсіби заңгерлер мен адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, заңгерлік көмек көрсетті.

0
0
144

19 шілдеге арналған ауа райы: бұршақ жауып, дауыл соғады

Атмосфералық фронт әсерінен елдің көп бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.Республиканың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең Солтүстік-батыста тұман болады деп күтіліп жатыр.Күндіз Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысында 35-42°с қатты ыстық сақталады.Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік, Шығыс Ақмола облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстікте, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде,…

0
1
2898

Серік Күдебаев елден қашқаны үшін 6 айға сотталды

Алматы облысының Кеген аудандық соты экс-генерал Серік Күдебаевты Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, жарты жылға бас бостандығынан  айырды.

«Сот Серік Мырзақұлұлы Күдебаевты ҚР Қылмыстық кодексі 395-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануға және оған 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім етеді», – деп Кеген аудандық сотының судьясы үкім оқыды.

Сот шешімі негізінде С.Күдебаевқа жалпы мерзімі 10 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан бөлек, ол құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылды. Серік Күдебаев жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

0
0
201

Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан калонияда қақтығыс болған

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колониядағы қақтығыс кезінде төрт адам зардап шекті. 

Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Осы жылдың 14 шілдесінде ШҚО бойынша ҚАЖД-ның № 22 мекемесінде әкімшілік қызметкерлері тұрмыстық негізде кенеттен туындаған жанжалды жағдайдың жолын кесті. Оқиға ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Жедел-тергеу тобы шақырылған. Қызметтік тергеу жүргізілуде. Жанжал барысында 4 сотталушы жеңіл жарақат алды, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жанжалға кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тәртіптік изоляторға қамалды.

0
0
287